Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы «2020 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелер туралы» № 55/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 108 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы «2020 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелер туралы» № 55/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6787 болып тіркелген, 2020 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсiн. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылғы 17 қыркүйек
2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 194/4 қаулысына қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы «27» наурыздағы № 55/2 қаулысына қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|