Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) 1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары; 2) 2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі
Ғылым және жоғары білім министрі 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 Бұйрыққа 1 қосымша
Қазақстан Республикасыны Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|