Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы (2024.19.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.24.11. № 599 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) 1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары; 2) 2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|