|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 20-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 115-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім): 1) 182-баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «заңнаманың қолданылуын тоқтата тұруға байланысты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығына тексеру жүргізу кезінде тоқтатыла тұрады.»; 1-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 2) 249-баптың 2-тармағы 8) тармақшасындағы «сатқан реттер кірмейді.» деген сөздер «сатқан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес мүлік мемлекет кірісіне айналдырылған реттер кірмейді.»; 3) 261-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тұлғаны адал иемденуші деп танудың өзге де негіздері белгіленуі мүмкін.». 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 742-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) үшінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді өндіріп алу туралы талап бойынша ақшаны алып қою жүргізіледі;»; 2-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 2) 830-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға - бірінші басшы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнен үзінді-көшірме қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша;». 3-тармақ 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 81-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы «тәркіленген реттен басқа жағдайларда жол берілмейді.» деген сөздер «тәркіленген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жер учаскесі мемлекет кірісіне айналдырылған реттен басқа жағдайларда жол берілмейді.». 4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 4-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) уақтылылық қағидаты - Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіпті сақтай отырып, өз мерзімінде республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін түсімдерді есепке жатқызу және оларды Үкіметтің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға аудару, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсетін түсімдерді есепке жатқызу және бөлу, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және бюджет қаражатын алушылардың шоттарына бюджет қаражатын аудару;»; 2) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өз араларындағы өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен төлемдерін, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының түсімдері мен шығыстарын, Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері мен шығыстарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады.»; 3) 49-баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар; 5) мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.»; 4) 8-тарау мынадай мазмұндағы 52-4-баппен толықтырылсын: «52-4-бап. Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер Мыналар Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады: 1) ақша, оның ішінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша; 2) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті өткізуден түсетін ақша.»; 5) 58-баптың 1-тармағының 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8-1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және мәселелерді қарау;»; 6) 88-бапта: 1-тармақ 15) тармақшасындағы «жұмсауына байланысты операцияларды есепке алуға (ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты) арналады.» деген сөздер «жұмсауына (ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын: «16) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қорға жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызуға және оларды жұмсауға (Арнаулы мемлекеттік қордың шоты); 17) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қордың ақша түсімдерін есепке жатқызуға және оларды жұмсауға (тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.»; 7) 90-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді;»; 8) 92 және 94-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу 1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады. 2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.»; «94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу 1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сату дан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады. Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнауды мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған қорытындыны жасайды және мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады. Осы қорытындылардың анықтығын және олардың ұсынылу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді. 2. Бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік ететін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуына немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу есебінен есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады. 3. Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді алуға, артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың тізбесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы айқындайды. 4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады. Қорытындылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады. 5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару және (немесе) есепке жатқызу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»; 9) 97-бапта: 5-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «5-3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының, Арнаулы мемлекеттік қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының арнаулы шотының төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілетін шоттарды:»; 6-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6-3. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу және оларды пайдалану кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын пайдалануға жауапты тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»; 10) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнаулы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнаулы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотына шығаруға жол берілмейді.»; 11) 104-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3-1. Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.»; 12) 124-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері мен шығыстары туралы есепті;». 5. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: 5-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 1) 3-бапта: 3) тармақ: «194,» деген цифрлардан кейін «195,» деген цифрлармен толықтырылсын; «217-бапта - сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс;» деген сөздерден кейін «218-1-бапта - жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға ақша, мүлікке құқықтар және (немесе) өзге де мүлік;» деген сөздермен толықтырылсын; «234-бапта - жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, алып өткізілген тауарлардың құны;» деген сөздерден кейін «235-1-бапта - валюталық құндылықтардың заңсыз әкетілген, жөнелтілген немесе аударылған сомасының бір жүз мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы;» деген сөздермен толықтырылсын; 29) тармақ «218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында),» деген сөздерден кейін «218-1 (төртінші бөлігінің 1) тармағында),» деген сөздермен толықтырылсын; 38) тармақта: «218-бапта - жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қылмыстық жолмен алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік;» деген сөздерден кейін «218-1-бапта - он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға ақша, мүлікке құқықтар және (немесе) өзге де мүлік;» деген сөздермен толықтырылсын; «235-бапта - қырық бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында қайтарылмаған қаражат сомасы;» деген сөздер «235-1-бапта - валюталық құндылықтардың заңсыз әкетілген, жөнелтілген немесе аударылған сомасының қырық бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы;» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 2) 8-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде қылмыс жасаған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер осы іс-әрекет Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған, сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе экономикалық қызмет саласында қылмыс жасалған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады.». 5-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 3) 55-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағы «218,» деген цифрлардан кейін «218-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; 4) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын: «67-1-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің шарттарын орындаған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.»; 5) 71-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын: «4-1. Ескіру мерзімінің өтуі сотқа немесе қылмыстық қудалау органына күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан немесе оның қорғаушысынан кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түскен кезден бастап ол толық орындалған кезге дейін тоқтатыла тұрады. Тараптардың бірі кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасудан бас тартқан жағдайда ескіру мерзімінің өтуі қайта басталады.»; 5-тармақтың 6) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 6) 195-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі залал келтірсе, - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 5-тармақтың 7) тармақшасы 2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді 7) мынадай мазмұндағы 218-1-баппен толықтырылсын: «218-1-бап. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекет кірісіне айналдырудан жасыру, сондай-ақ оларды заңдастыру (жылыстату) 1. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектінің және (немесе) үлестес тұлғаның ірі мөлшерде заңсыз иемденілген активтерді «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін активтерді ашып көрсету туралы декларацияда көрінеу анық емес, толық емес не бұрмаланған мәліметтер ұсыну арқылы мемлекет кірісіне айналдырудан жасыруы - мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектінің және (немесе) үлестес тұлғаның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген активтерді немесе олардан түскен кез келген кірістерді оларды иеліктен шығару, конверсиялау немесе аудару бойынша мәмілелер жасау, олардың шынайы сипатын, көзін, тұрған жерін, билік ету, орнын ауыстыру тәсілін, активтерге құқықтарды немесе олардың тиесілілігін жасыру немесе бүркемелеу не жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасаудағы делдалдық арқылы ірі мөлшерде заңды айналымға тартуы, сол сияқты «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды алдын ала немесе тиісінше не уақтылы хабардар етпей, активтерді кез келген нысанда ірі мөлшерде иеліктен шығару және (немесе) ауыртпалық салу, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға беру - мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бірнеше рет жасалған; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер - мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, мынадай: 1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасса;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |