Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 шешімі
(2018.21.11. берілген өзгерістермен)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018.13.02. № 218 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.27.04. № 250 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018.13.06. № 259 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018.24.07. № 271 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.23.08. № 288 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.21.11. № 305 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 15 239 062,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 13 651 197,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 37 036,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 86 109,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 1 464 719,9 мың теңге;
2) шығындар - 15 908 498,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 204 475,2 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 204 475,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 37 333,5 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 37 333,5 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 502 293,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 502 293,9 мың теңге.
2. Рудный қаласының қалалық бюджетінен Қашар кентінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері 2018 жылға - 174 574,0 мың теңге, 2019 жылға - 175 811,0 мың теңге, 2020 жылға - 178 111,0 мың теңге құрайтыны көзделсін.