Павлодар қаласының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 238/1 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ: 1. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар Павлодар қаласының ұйымдарына: елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде; жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде; екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қ. Торсықбаевқа жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1418/35 қаулысына қосымша
Павлодар қаласының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|