Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы «Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» № 438 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қарағанды облыстық мәслихатының «Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 8 тамыздағы № 438 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5429 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 155 шешіміне қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 438 шешіміне қосымша
Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары
1-тарау. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі
1. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі. 2. Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады. 3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.
2-тарау. Қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|