Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы (2023.06.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихаттың заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Ф.Штергер) жүктелсін. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2022.17.03. № 155 шешімімен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 438 шешіміне қосымша
Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары
1-тарау. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі
1. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі. 2. Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады. 3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.
2-тарау. Қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу тәртібі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|