«2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: «2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 208 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28473 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 31 тамыздағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|