Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегi № 647 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің бірыңғай нысанында: он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "өртке қарсы қадағалау органдары (аты, әкесінің аты, тегі), (лауазымы)"; мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын; «мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау органдары (аты, әкесінің аты, тегі), (лауазымы)». 3. ҚР Үкіметінің 2007.30.06. № 555 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1468 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде: 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "3. Жобалардың сараптамасын тиісті лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады. Бұл ретте жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген қандай да бір өзге қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ заңды тұлға жүзеге асырады. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптау жұмыстары рыногының субъектілері - аккредиттелген мемлекеттік емес сараптау орталықтары және (немесе) аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады. Мемлекеттік емес сараптау орталықтарын аккредиттеуді және сарапшыларды аттестаттауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган) жүргізеді. 4. Жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға (бұдан әрі - Мемсараптама) белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесіне енеді."; 5-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Міндетті түрде сараптамаға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен одан өтпеген жобалар аяқталмаған деп саналады және іске асырылмауға тиіс."; бірінші абзацтағы "жобалардың" деген сөзден кейін "жеке және заңды тұлғалар орындайтын" деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік тапсырысты орындау есебінен жүргізілетін не мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жататын өзге жобалар бойынша сараптау жұмыстарына арналған бағалар мен тарифтерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Мемсараптама белгілейді."; 3-бөлімнің атауындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын; 2) тармақшада: "тұрақтылығы бойынша" деген сөздерден кейін "әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кіруін қамтамасыз ету жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын: "Үйлер мен ғимараттарды техникалық жағынан күрделі не күрделі емес құрылыс объектілерінің санатына жатқызу осы Ережеге қосымшаның 5-тармағында көзделген жалпы тәртіппен айқындалады. Құрылыс тапсырысшының өз қаражаты (тартылған қаражаты, шетелдік инвесторлардың қаражатын қоса алғанда) есебінен жүзеге асырылатын объектілер бойынша, ықтимал қауіпті және техникалық жағынан күрделі объектілерді қоспағанда, алдын ала жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізу туралы шешімді тапсырысшы (инвестор) қабылдайды."; 17-тармақтың бірінші абзацындағы "Құрылыс істері жөніндегі комитет" деген сөздер "сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "18. Жобаларға сараптама жүргізетін (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғаларға мынадай құқықтар беріледі:"; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) белгіленген тәртіппен сараптама комиссияларын құру не сараптамаға қатысу үшін мамандарды тарту."; 24 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "24. Жобаларға сараптама жүргізетін жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) инвестициялардың тиімділігін талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметтерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне тәуелді емес. Өкілетті, атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның сараптаманың кәсіптік қызметіне араласуға құқығы жоқ."; "27. Жобаларға сараптама жүргізетін жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда), егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге міндетті."; Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлері, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ережесінде қолданылатын ұғымдарда: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Құрылыстың ықтимал қауіпті объектілері - функционалдық мақсаты, технологиялық өндірістік процесстері, пайдалану сипаттамасы бойынша адамның денсаулығы мен өміріне зиян, орны толмас залал келтіре отырып, техногендік және (немесе) экологиялық апаттар (авариялар), басқа объектілердің тұрақты жұмыс істеуіне қауіп туғызатын объектілер"; 5-тармақта: бірінші абзацтағы "І және II деңгейге" деген сөздер "бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) деңгейге" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жауапкершілігі үшінші (төмен) деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жауапкершілігі екінші (қалыпты) деңгейге жататын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (сыртқы инженерлік желілерді қоса алғанда) жатпайды, оның ішінде:". 6. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 425 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|