Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 163 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 1299 қаулысынақосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|