|
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы (2015.20.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібі (бұдан әрі - Әдістеме) бекітілсін. 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Әдістеменің 3-тармағы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес жасалған қатысу шарттарынан 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. 4. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) осы Әдістеменің ережелерін ескере отырып, Қормен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымдары төлеген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналарды 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта есептесін, ал артық төленген сомалар көрсетілген сақтандыру ұйымдарының келешектегі жарналарды төлеу есебіне есептелсін.
Ұлттық Банкі Басқармасының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|