|
|
|
Павлодар облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы
Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 7 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38, 104-баптарының 2-тармағының 3) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық- эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – СҚ), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» СҚ, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 36 Қаулысына (бұдан әрі-БМСДҚ), ҚР БМСД 2022 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» № 2 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» № 3 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 10 ақпандағы «Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» № 8 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 11 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 14 наурыздағы «Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» № 13 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 14 наурыздағы «Ашық» жобасын енгізу туралы» № 14 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 25 наурыздағы «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы» № 16 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 25 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 17 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 25 наурыздағы «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» № 18 Қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының полиция Департаменті, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, кәсіпкерлік субъектілері, заңды және жеке тұлғалар қамтамасыз етсін: 1) халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық және әуе көлігінде, ұйымдастырылған ұжымдарда медициналық бетперделер қолданылсын (ұсынымдық сипатта); 2) «жасыл» және «сары» аймақтарда объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей отыра субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылады; 3) 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында ҚР БМСД № 36 Қаулысының, ҚР БМСД № 13 Қаулысының, ҚР БМСД № 18 Қаулысының, СЕ № ҚР ДСМ-76 талаптарын орындай отыра оқытылсын: 4) ҚР БМСД № 36 Қаулысының, ҚР БМСД № 13 Қаулысының, ҚР БМСД № 18 Қаулысының талаптарын сақтай отырып мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне рұқсат берілсін; 5) ҚР БМСД № 16 Қаулысының талаптарын орындай отыра, барлық сауда нысандарына, қоғамдық көліктерге, таксилерге, өнеркәсіптік аумақтарға, дәліздерге, лифт кабиналарына, ұйымдарға, басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізілсін; 6) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы келген Қазақстан Республикасының азаматтары автоөткелдерде жолдарда ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамасыз келген және Қазақстан Республикасында ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алмаған, егер екінші компонентті алғаннан кейін Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен 6 айдан аспаған болса, карантинді стационарларда орналастырылсын. 2. Денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін: 1) көрсетілетін медициналық көмек ерекшелігін ескере отыра, COVID-19 ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациентті анықтаған жағдайда, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында оңашалауға арналған үй-жайларды бөлсін; 2) барлық медициналық ұйымдарда медициналық персонал, қызметкерлер, келушілер, пациенттер медициналық бетперделерді қолдансын; 3) барлық медициналық босандыру және балалар ұйымдарында ЖРВИ, тұмау, COVID-19 коронавирус инфекциясы белгілері бар жүкті әйелдерді, босанатын әйелдер, босанған әйелдер және балаларды емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыру; 4) жүкті әйелдер мен балалардың босандыру және балалық медициналық ұйымдарға шұғыл түсу кезінде салалық мамандармен көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету үшін мамандандырылған бөлімге жатқызылады, басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эпидемияға қарсы режим сақталынады; 5) ҚР БМСД № 16 Қаулысының 8 қосымшасына сәйкес COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізу; 6) инфекциялық және өзге медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтау; 7) ҚР БМСД № 16 Қаулысының 2 қосымшасына сәйкес жұмыстары COVID-19-ға күдігі бар науқастарды тасымалдаумен, ошақта жұмыс жасаумен, емдеу және қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың тиісті қорғаныс деңгейі бар ЖҚҚ қолдануын бақыласын; 8) COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностика мәселелері, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік, стандартталған операциялық процедураларды (СОП) орындау бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына арналған семинарларды ұйымдастырсын және өткізсін; 9) COVID-19 кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөнінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдегі медициналық ұйымдардың барлық қызметкерлерін толықтай қамтумен нұсқаулық жүргізсін; 10) үйдегі медициналық қадағалауды жүргізуді және үйдегі карантин талаптарын сақтауды бақылау; 11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Бірінші Вице-министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық- эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 1- қосымшасына сәйкес, амбулаториялық жағдайда ем алатын COVID-19 науқастарын үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат бере отырып, қолын қойғызумен хабардар ету; 12) ҚР БМСД № 16 Қаулысының 8, 9, 10 қосымшаларына сәйкес санатқа жататындарды медициналық қадағалау мен зертханалық тексеруін қамтамасыз етсін; 13) диагнозды анықтаған соң, 12 сағат ішінде CОVID-19-пен сырқаттанудың әр жағдайына, соның ішінде, «CОVID-19 Коронавирустық инфекциясы (Вирус теңдестірілмеген)» U07.2 коды бойынша санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелеріне шұғыл хабарлама берілсін. 3. Денсаулық сақтау басқармасы, санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұлттық сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, меншік формасына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан зертханалар қамтамасыз етсін: 1) № 16 Қаулының 8 қосымшасына сәйкес профилактикалық мақсатта тиісті контингентті ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуді ұйымдастыру, сондай-ақ БМСД № 16 Қаулысының 7 қосымшасына сәйкес ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарласын; 2) зертханалардың COVID-19-ға арналған ПТР тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге уақытында ақпарат енгізуді және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай ақпараттық порталына (ҰСО БАП) жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» 2022 жылғы 18 наурыздағы № 5 Қаулысы күшін жойды деп танылсын. 5. Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы Қаулыны орындау міндетті болып саналады. Заң бұзушылықтар анықталса, құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде жедел шаралар қабылдансын. 6. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 7. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |