Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы (2016.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 550 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
Осы Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 1-1) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер; 2) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек - есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары; 3) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi; 4) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам; 6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды, мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оларға қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға; 6-1) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері - Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері; 7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (Ережеге қатысты) - өздерін табыс әкелетін жұмыспен қамтамасыз ететін дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор. Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсiпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерi танылады. 8) уәкiлеттi орган - Қор қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
2. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi
ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi. Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады. Егер күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.27.12. № 862 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Жұмыс берушi үшiн орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың алатын табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. Бұл ретте өзін өзі жұмыспен қамтыған адамның алатын табысы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсатында айқындалатын табыстан аспайтын өз пайдасына әлеуметтік аударымдар есептеу мақсатында өздері дербес айқындайтын сома болып табылады. ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарын есептеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) көзделген тәртіппен жұмыс берушінің қызметкерлерге табыс түрінде төлейтін шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай үлесін қоса отырып жүргізіледі. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың шығыстарына материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған табысты қоса алғанда, қызметкерге ақшалай немесе заттай нысанда төленетін табыстар жатады. ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.12. № 1310 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12), 31) тармақшаларында және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді. ҚР Үкіметінің 2015.07.08. № 617 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
3. Әлеуметтік аударымдарды аудару тәртiбi мен мерзiмi
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік корпорация арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей, өздері үшін әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерi қоса берілген өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi. Төлеушілердің банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктер) әлеуметтік аударымдарды қолма-қол ақша нысанында енгізуі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді. 8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (жыл, ай, айлар) қамтуы тиiс. Төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында форматта көзделген жеке «ААЖЖЖЖ» деген жолда көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді 10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмi қоса берілген MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. 11. Төлеушілер берешектi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай, айлар) үшін жүргізедi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Банктер әлеуметтік аударымдар сомаларын Мемлекеттік корпорацияның шотына осы сомалар төлеушiнiң банк шотынан есептен шығарылған күнi аударады. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомалары операциялық үш күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады. Мемлекеттік корпорация: 1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген; 2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын; 3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді. Бұл ретте егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын жағдайда, хабарлама жіберілмейді. Хабарлама нысанын бюджетке салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орган белгілейді. Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады. ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Мемлекеттік кірістер органы төлеушілерден міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін алған кезде әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешекті кейіннен Қорға аудару үшін көрсетілген тізімдерді қоса беріп, төлеушілердің банктік шоттарына инкассолық өкімдер береді. Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда, міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер төлеушілердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті. Салық төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады. Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс. Мемлекеттік кірістер органының банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осындай өкім шығарған мемлекеттік кірістер органы банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды. ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді. 18. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн «төлем мақсаты» деген жолда - «кезең (жыл, ай, айлар) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмпұл» деп көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады. 19. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімпұл кезең үшін (жыл, ай, айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20. Орталық өсiмпұл сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады. 21. Төлеушiнің Қорға артық (қате) аударылған әлеуметтiк аударымдарын және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлейтін банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi. 22. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді 23. Өзі үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу арқылы дербес түзейдi. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.
4. Әлеуметтік аударымдарды қайтару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24. Төлеуші артық (қате) төлеген және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы толық төлемегені үшін әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың Қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: төлеушi (төлеушінің банкi) Мемлекеттік корпорацияға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi; өздері үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда өтiнiшке осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растау-анықтама қоса беріледi; мiндеттi әлеуметтік аударымдарды қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын төлеушiлер растау-анықтамаға әлеуметтiк аударымдардың төленгені туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi; Мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасымен қоса Қорға жiберіледi; Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн Қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде ақшаны Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктік деректемелерi, қатысушылардың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) мен олар бойынша қайтару сомалары көрсетілген төлеушілердiң тiзілiмiн сол күнi Мемлекеттік корпорацияға бередi. Қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша Қор себебiн көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға бас тарту туралы шешiмдi бередi; Мемлекеттік корпорация Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын операциялық үш күн iшiнде төлеушiге аударады; төлеушi әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады; Мемлекеттік корпорация өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады; Мемлекеттік корпорация артық есептелген сомалар қайтарылғаннан кейiн Қорды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешiмнiң орындалғаны туралы хабардар етедi; Мемлекеттік корпорация мен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың аударылуын, сондай-ақ Қордан әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда 25. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды. 26. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда 27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн ұсынады. 29. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi. Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 30, 31 және 32-тармақтармен толықтырылды 30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеуші Мемлекеттік корпорациядан міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуына және тегін алуына болады. 31. Төлеуші міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім толтырады және Мемлекеттік корпорацияға оның бөлімшелері арқылы ұсынады. 32. Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы төлеушіге береді.
ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесіне 1-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының басшысы _______________________
кімнен _____________________________________________________________________________________ (әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң немесе төлеушi банкінiң атауы)
Өтiнiш
_______________ №___ төлем тапсырмасымен аударылған қате (артық) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын _____________________________________________________________атына (өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын және қайтарылуға жататын соманы көрсету) қайтаруды жүргізуді сұраймын, референс, жалпы сомасы _____________, қайтару сомасы __________. Кейiнгі төлемдермен түзету мынадай себепке байланысты мүмкін емес (қажеттісін белгілеу керек): 1) төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмалары негiзiнде екi немесе одан да көп рет Қордың шотына қате аударған; 2) алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген; 3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген; 4) төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген; 5) МТ-102 төлем тапсырмасы форматында, тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген; 6) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген; 7) әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат Қордың шотына қате аударылған; 8) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған. Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз: _____________________________________________________________ (төлеушінің толық деректерi, барлық банктік деректемелерi көрсетiледi) Қосымшалар: төлем құжатының көшiрмесi. Қажет болған жағдайда: жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметі тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшiрмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда - қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі. |