|
Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7С-12-2 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Ақмола облыстық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7С-12-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25824 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақмола облысының облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 469 634 810,8 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 64 725 408,3 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 6 008 773,4 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 95 112,4 мың тенге; трансферттер түсімі – 398 805 516,7 мың теңге; 2) шығындар – 472 788 430,6 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 217 815,7 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 10 414 890,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 7 197 074,3 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – -7 721,6 мың теңге, оның ішінде: мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 7 721,6 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -6 363 713,9мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 363 713,9 мың теңге.»; 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте 6 625 980,0 мың теңге сомасында қарыздарды өтеу қарастырылғаны ескерiлсiн, оның ішінде: жергілікті атқарушы органның борышын өтеу – 4 058 628,0 мың теңге, жергiлiктi атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу – 2 567 352,0 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешiм 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2022 жылғы 17 маусымдағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|