|
2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (2022.20.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ: Ақмола облыстық мәслихатының 2022.15.03. № 7С-15-5 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.17.06. № 7С-18-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.27.07. № 7С-19-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.14.09. № 7С-20-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.23.11. № 7С-22-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.20.12. № 7С-24-2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақмола облысының облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 477 728 265,7 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 62 117 158,3 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 6 838 475,4 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 157 748,6 мың тенге; трансферттер түсімі – 408 614 883,4 мың теңге; 2) шығындар – 479 459 636,2 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 171 500,1 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 11 893 190,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 7 721 689,9 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – -63 772,3 мың теңге, оның ішінде: мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 63 772,3 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 839 098,3мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 839 098,3 мың теңге. Ақмола облыстық мәслихатының 2022.15.03. № 7С-15-5 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін: 1) облыстық бюджетке ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша – 100 %; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|