Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы (2021.30.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020.01.06. № 11-1-4/179 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 293-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Сыртқы істер министрінің 2020.01.06. № 11-1-4/179 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары бекітілсін. 2. «Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 183 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 7759 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 тамыздағы № 464-470 (27543) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.К. Хаиров): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін. 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|