Қазақстан Республикасының (2020.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2018 жылғы 2 шілдедегі № 168-VI ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР 2020.29.06. № 351-VI Заңын қараңыз (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері 4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар 5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін тиісінше тексеруі 8-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің шетелдік жария лауазымды адамдарды тиісінше тексеруі 9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру 10-бап. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат жинау 11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі 12-бап. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі 3-тарау. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ 15-бап. Уәкілетті органның міндеттері 16-бап. Уәкілетті органның функциялары 17-бап. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері 18-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы 21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізудің тәртібі
Осы заңның Конституцияға сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 20 тамыздағы № 5 нормативтік қаулысын қараңыз
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын айқындайды.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен ; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді 1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi - күдiктi операция) - клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операциясы (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда); 2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар - олармен байланысты азаматтық құқықтарды және мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсiлiне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен әрекеттерi; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою - қаржы мониторингінің субъектілері мен мемлекеттік органдар терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымға және (немесе) жеке тұлғаға не бенефициарлық меншік иесі көрсетілген тізбеге енгізілген жеке тұлға болып табылатын ұйымға тиесілі ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 2-2) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар - бағалы металдарды, олардың химиялық қосылыстарын, асыл тастарды медициналық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу мақсаттарында не құралдардың, аспаптардың, жабдықтардың және өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдардың құрамында пайдаланатын діни ұйымдарды, музейлерді және ұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды-сатуды жүзеге асыратын тұлғалар; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) бенефициарлық меншік иесі - бұл: клиенттің - заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі; клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын; оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға; 4) клиент - қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке немесе заңды тұлға; 5) корреспонденттік қатынастар - банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында басқа банктерге корреспонденттік шоттарды ашуы кезінде туындайтын шарттық қатынастар; 6) қалқа-банк - банктің тіркелген мемлекетте (аумақта) шоғырландырылған қадағалауға жататын банктік холдингтің тікелей немесе жанама иелігінде болуын қоспағанда, банк ретінде тіркелген және (немесе) банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған мемлекетте (аумақта) іс жүзіндегі қатысуы жоқ резидент емес банк; 7) қаржы мониторингі - осы Заңға сәйкес уәкілетті орган және қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асыратын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы; 8) қаржы мониторингiне жататын операциялар - осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар; 9) қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру - ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәмiле жасау кезiнде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке немесе заңды тұлғалар жасайтын әрекеттер; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда 10) қылмыстық жолмен алынған кірістер - қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда 11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) - қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмiлелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыруға делдалдық ету; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар; 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) терроризмді қаржыландыру - жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі; 12-1) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) уәкiлеттi орган - осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) шетелдiк жария лауазымды адам - шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам; шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын кез келген адам; халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құратын ұйымдарда басшы лауазым атқаратын адам; 15) шет мемлекеттің құзыретті органы - шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын органы; 16) іс жүзіндегі қатысуы - банктің басқару органдары мен персоналы бар, банктік қызметке қатысты құжаттарды есепке алу және сақтау жүргізілетін және резидент емес банкке банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия берген уәкілетті органның тексерулері жүргізілетін, тұрақты мекенжай бойынша (пошта жәшігінің мекенжайынан немесе электрондық мекенжайдан басқа) орналасқан, банк қызметін жүргізу орны; 17) іскерлік қатынастар - қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу
3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері 1. Осы заңның мақсаттары үшін қаржы мониторингінің субъектілеріне: 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; 2) биржалар; 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары; 5) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий; 6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар; 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) адвокаттар, заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге: жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға; клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға; банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға; компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға; заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар; 9) ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 11) және 12) тармақшалармен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) төлем ұйымдары; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13) - 18) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 13) лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; 14) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 16) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады. 17) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 18) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жатады. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды. 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Осы баптың 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларындакөрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы баптың 2-тармағының 6), 7), 9), 11), 18), 19) 20), 21) және 22) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер мұндай операция өзiнiң сипаты бойынша осы баптың 2-тармағында көзделген операция түрлерiнiң бiреуiне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы: осы баптың 2-тармағының 1) және 21) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 3 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса; осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 5 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 5 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса; осы баптың 2-тармағының 9), 20) және 22) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн - 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 7 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса; осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 11), 12), 13), 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 10 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса; осы баптың 2-тармағының 10), 15) және 19) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн - 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 45 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса; осы баптың 2-тармағының 18) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн - 200 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 200 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қаржы мониторингіне жатады. Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылатын болса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі. 2. Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға: 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар мен лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша ұтысты алу, оның iшiнде электрондық нысанда алу; 2) қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункттері арқылы сатып алу, сату және айырбастау; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) чек немесе вексель бойынша ақша алу; 4) 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) клиенттің банктік шотынан ақша алу немесе банктік шотына ақшаны есепке жатқызу, сол сияқты, осы тармақтың 13) және 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттен қолма-қол ақша қабылдау не клиентке қолма-қол ақша беру; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызуды немесе аударуды жүзеге асыруы не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасайтын операциялары; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттан (салымнан) ақшаның түсуі; 8) 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары; 10) мәдени құндылықтарды сатып алу (сату), Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету; 11) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалардың жасаған операциялары; 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету; 13) сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлық ақысын алу; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру; 15) қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті алу немесе ұсыну; 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) қызмет көрсету, оның ішінде сейф ұяшықтарын мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша сейф қызметтерін көрсетуді қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі мәмілелер; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алу-сату; 18) міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және өзге де мүлікпен жасалатын мәмілелер; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 20) ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен мәмілелер; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) ломбардтардың ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) операцияларды жасауы; |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы 2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУДЫҢ (ЖЫЛЫСТАТУДЫҢ) ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін тиісінше тексеруі6-бап. Клиентпен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруі7-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезiнде қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi тиiсiнше тексеруі8-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің шетелдік жария лауазымды адамдарды тиісінше тексеруі9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру10-бап. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат жинау11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі12-бап. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту және оларды тоқтата тұру14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын бақылау 3-тарау. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ15-бап. Уәкілетті органның міндеттері16-бап. Уәкілетті органның функциялары17-бап. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері18-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы19-бап. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |