| ||||||||||||||||||||
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 118-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері 6-бап. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасы 7-бап. Нысаналы капитал қоры қызметінің түрлері 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ 8-бап. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. НЫСАНАЛЫ КАПИТАЛ ҚОРЫ 10-бап. Нысаналы капитал қорын құру 11-бап. Нысаналы капитал қорының құрылтайшылары 12-бап. Нысаналы капитал қорының басқару органдары 16-бап. Нысаналы капитал қорының қаржылық есептілігі және аудиті 17-бап. Салымшылардың құқықтары мен міндеттері 18-бап. Салымшылардың нысаналы капитал қорын басқаруға қатысуы 19-бап. Нысаналы капитал қорының үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу 20-бап. Нысаналы капитал қорын тарату 21-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру 22-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру үшін ақша жинау 23-бап. Фидуциарлық міндеттемелер 24-бап. Инвестициялық кірісті пайдалану тәртібі 25-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) таратып жіберу 5-тарау. ЭНДАУМЕНТ-ҚОРДЫҢ (НЫСАНАЛЫ КАПИТАЛДЫҢ) АКТИВТЕРІН ҚҰРАЙТЫН МҮЛІКТІ БАСҚАРУ 26-бап. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқару 27-бап. Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамы 28-бап. Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құнын айқындау 29-бап. Инвестициялық декларация 30-бап. Басқарушы компания (фидуциарий) қызметі 31-бап. Кастодиандық қызмет көрсету 6-тарау. НЫСАНАЛЫ КАПИТАЛ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 33-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет 35-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық 36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң нысаналы капитал қорларын құру, басқару және тарату, эндаумент-қорларды (нысаналы капиталдарды) қалыптастыру, толықтыру, таратып жіберу және олардың инвестициялық кірістерін пайдалану, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін сенімгерлік басқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әртараптандыру - эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтері құнының азаю тәуекелін төмендету мақсатында оларды әртүрлі қаржы құралдарына орналастыру; 2) басқарушы компания (фидуциарий) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы не эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын нысаналы капитал қоры; 3) ерікті қайырмалдықтар - қайырымдылық көмек көрсету үшін нысаналы капитал қорына немесе эндаумент-қорға (нысаналы капиталға) берілген ақша, сондай-ақ өзге де мүлік; 4) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, фидуциарлық міндеттемелерін, талаптарын және оған шектеулерді, хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын көздейтін құжат; 5) инвестициялық кіріс - эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай мәндегі өсімі; 6) қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган - қайырымдылық саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 8) нысаналы капитал қоры - осы Заңда көзделген тәртіппен, инвестициялық кірісті қамтамасыз ету және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін әлеуметтік салада эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым; 9) нысаналы капитал қорының үлестес тұлғалары - нысаналы капитал қорына қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәміле негізінде ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда); 10) нысаналы салым шарты - бір тарап (салымшы) эндаументтің (нысаналы салымның) сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ете отырып, инвестициялық кіріс алу және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін екінші тарапқа (нысаналы капитал қорына) эндаументті (нысаналы салымды) шектеусіз мерзімге немесе кемінде он жыл мерзімге иеленуге, пайдалануға және билік етуге беретін шарт; 11) пайда алушы - нысаналы капитал қорынан немесе эндаумент-қордан (нысаналы капиталдан) қайырымдылық көмек алатын тұлға; 12) салымшы - нысаналы салым шартының тарапы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 13) сенімгерлік басқару шарты - басқарушы компания (фидуциарий) нысаналы капитал қорымен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін сенімгерлік басқаруға беру туралы жасасатын, эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін құрайтын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт; 14) таза активтер құны - эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) барлық активтерінің құны мен олардың эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есепке жазылған шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалатын эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) активтері құнының ақшалай мәні; 15) фидуциарлық міндеттемелер - осы Заңға сәйкес басқарушы компания (фидуциарий) қабылдайтын, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін басқару және оларды ақылға қонымды, адал және әділ инвестициялау бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелер; 16) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтері - меншік құқығында немесе нысаналы салым шарты құқығында нысаналы капитал қорына тиесілі активтер жиынтығы; 17) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасы - инвестициялық кіріс есебінен қаржыландырылатын қайырымдылық көмекті жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін қамтитын шаралар жүйесі; 18) эндаумент-қор (нысаналы капитал) - эндаументтер (нысаналы салымдар) мен инвестициялық кіріс, сондай-ақ нысаналы капитал қорының меншікті қаражаты есебінен қалыптастырылатын және (немесе) толықтырылатын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылатын нысаналы капитал қорының мүлкі; 19) эндаумент (нысаналы салым) - сыйға тарту, қайырмалдық немесе нысаналы салым шартының (шарттарының), сондай-ақ өсиеттің талаптарына сәйкес сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ете отырып, иелену, пайдалану және билік ету үшін қайырымдылық ретінде ұсынылған немесе берілген мүлік.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Нысаналы капитал қорлары мен эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметіне байланысты қатынастарды реттеу ерекшеліктері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді. Осы Заңның күші «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» эндаумент-қорларын (нысаналы капиталдарын) қалыптастыру, толықтыру және пайдалану жөніндегі қызметке қолданылмайды.
3-бап. Қазақстан Республикасының нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері 1. Осы Заңның негізгі мақсаты эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) ақшасын және (немесе) өзге де активтерін инвестициялау және кейіннен инвестициялық кірісті пайдалану арқылы қаржылық қолдау болып табылады. 2. Осы Заңның негізгі міндеттері: 1) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін тұрақты қаржылық қолдау үшін қосымша қаражат тарту; 2) инвестициялық декларацияға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін инвестициялау; 3) пайда алушыларға қайырымдылық көмек көрсету; 4) нысаналы капитал қоры қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, салымшылардың заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде осы Заңда белгіленген мақсаттар мен міндеттер шегінде нысаналы капитал қорының қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы арттыру болып табылады.
5-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастырудың, толықтырудың және оның инвестициялық кірісін пайдаланудың негізгі қағидаттары 1. Салымшылар, нысаналы капитал қорлары және басқарушы компаниялар (фидуциарийлер) эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қызметіне заңдылық, теңқұқықтылық, еріктілік, жариялылық, активтерді ақылға қонымды басқару және ұрпақтар теңдігі қағидаттары негізінде қатысады. Заңдылық қағидаты құқықтың шынайы әрекетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді, онда барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтық нормаларды қатаң сақтайды. Теңқұқықтылық қағидаты салымшының, нысаналы капитал қорының, басқарушы компанияның (фидуциарийдің) шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымдарына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдындағы тең құқықтарын қамтамасыз ететін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. Еріктілік қағидаты салымшының, нысаналы капитал қорының пайда алушыға көмек көрсету құқығын және пайда алушының үшінші тұлғалар тарапынан мәжбүрлеп ықпал етусіз оны алу немесе алмау құқығын белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. Жариялылық қағидаты салымшының, нысаналы капитал қорының, басқарушы компанияның (фидуциарийдің) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қызметіне ашық түрде қатысу, осындай қатысу нәтижелерін масс-медиада еркін жариялау құқығын, сондай-ақ эндаумент-қорға (нысаналы капиталға) қатысты салықтық, қаржылық және бухгалтерлік есептілік туралы ақпаратты ашуға кедергі келтірмеу міндетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. Активтерді ақылға қонымды басқару қағидаты басқарушы компания (фидуциарий) үшін фидуциарлық міндеттемелерді белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. Ұрпақтар теңдігі қағидаты нысаналы капитал қорының шешімдер қабылдау және әрекеттер жасау кезінде болашақ ұрпақтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескеру міндетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. 2. Осы Заңда көзделген, іске асырылатын қағидаттар бостандығы тек Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелуі мүмкін.
6-бап. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасы 1. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) инвестициялық кірістен қаржыландырылатын қайырымдылық бағдарламалары білім беру, ғылым және инновациялық қызмет, бұқаралық спорт, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтер көрсету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қайырымдылық объектілерін қамтиды. 2. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасы әрбір эндаумент-қор (нысаналы капитал) үшін әзірленеді және бекітіледі. 3. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасы қайырымдылық объектілерін, мақсаттарын, міндеттерін, іске асыру кезеңін, болжамды кірістер мен шығыстар сметасын қамтиды. 4. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасын әзірлеуді, бекітуді және орындауды нысаналы капитал қоры пайда алушының мүдделері үшін жүзеге асырады. 5. Пайда алушы эндаумент-қордан (нысаналы капиталдан) алынған қаражатты эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) бекітілген қайырымдылық бағдарламасына сәйкес пайдаланады. 6. Пайда алушы қамқоршылық кеңеске қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті қамқоршылық кеңес белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады. Қамқоршылық кеңес қосымша мәліметтер сұратуға, эндаумент-қор (нысаналы капитал) қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына тексеру жүргізуге және бұзушылықтар анықталған жағдайда қаржыландыруды тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.
7-бап. Нысаналы капитал қоры қызметінің түрлері 1. Нысаналы капитал қоры мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) эндаументтерді (нысаналы салымдарды) иелену, пайдалану және оларға билік ету; 2) эндаумент-қорларды (нысаналы капиталдарды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру; 3) эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін басқару; 4) эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін инвестициялау; 5) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру; 6) салымшылармен, құрылтайшылармен, пайда алушылармен және басқа да қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау; 7) ақша жинау және эндаументтерді (нысаналы салымдарды) тарту арқылы эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін ұлғайтуға бағытталған бастамалар жүргізу; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және нысаналы капитал қорының жарғысында көзделген өзге де қызмет. 2. Нысаналы капитал қоры қызметінің барлық түрлері осы Заңда және құрылтай құжаттарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
8-бап. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган: 1) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді; 2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган: 1) эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) оларды басқару қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 2) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 3) осы Заңның және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін, сондай-ақ оларды басқарушы компаниялардың (фидуциарийлердің) басқаруы қағидаларын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу қағидаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. НЫСАНАЛЫ КАПИТАЛ ҚОРЫ
10-бап. Нысаналы капитал қорын құру 1. Нысаналы капитал қоры оны құрылтайшылардың шешімі негізінде құру арқылы қалыптастырылады, онда мынадай ақпарат қамтылады: 1) құрылтайшылардың атауы және тұрған жері; 2) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) мөлшері, оны қалыптастыру және (немесе) толықтыру тәртібі мен мерзімдері; 3) нысаналы капитал қорын және оның активтерін басқару тәртібі; 4) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қолданылу мерзімі; 5) пайда алушының эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыруға жазбаша келісімі; 6) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) нысаналы мақсатын айқындау кезінде пайда алушының өз атын немесе атауын пайдалануға жазбаша келісімі. 2. Нысаналы капитал қорының мүлкі: 1) жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарынан; 2) сенімгерлік басқару шарты (шарттары) бойынша берілген мүліктен; 3) жеке және заңды тұлғалардың нысаналы салым шарты (шарттары) бойынша берілген эндаументтерінен (нысаналы салымдарынан); 4) нысаналы капитал қоры құрылтайшыларының жарналарынан; 5) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кірістерден; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады. 3. Нысаналы капитал қорының пайда алушылары өзінің құрылтай құжаттарында немесе қамқоршылық кеңестің эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) құру туралы шешімінде, сыйға тарту, қайырмалдық, нысаналы салым шартында (шарттарында), сондай-ақ өсиетте осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады. 4. Нысаналы капитал қоры мемлекеттік тіркелген кезден бастап заңды тұлғаның құқықтарына ие болады. Нысаналы капитал қорын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 5. Нысаналы капитал қорының құрылымы мен басқару органдары, сондай-ақ осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өзге де ақпарат осы Заңның ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес оның жарғысында белгіленеді. 6. Құрылтай шарты және нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысына сәйкес әзірленетін, құрылтайшылар бекіткен жарғы нысаналы капитал қорының құрылтай құжаттары болып табылады.
11-бап. Нысаналы капитал қорының құрылтайшылары 1. Нысаналы капитал қорының құрылтайшылары жеке және (немесе) заңды тұлғалар болып табылады. 2. Құрылтайшылар сыйға тарту, қайырмалдық, нысаналы салым шарты (шарттары), сондай-ақ өсиет бойынша нысаналы капитал қорына енгізген және беретін мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбауға тиіс. 3. Нысаналы капитал қорының құрылтайшылары нысаналы капитал қорына берілетін активтер туралы толық және анық ақпаратты оның ресми интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынуға, сондай-ақ олардың нысаналы капитал қорының меншігіне өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
12-бап. Нысаналы капитал қорының басқару органдары 1. Мыналар нысаналы капитал қорының басқару органдары болып табылады: 1) жоғары алқалы орган - қамқоршылық кеңес; 2) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы нысаналы капитал қорының жарғысында белгіленетін, атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға; 3) ішкі аудит қызметі - қамқоршылық кеңес сайлайтын немесе тағайындайтын бақылау органы; 4) осы Заңға және нысаналы капитал қорының жарғысына сәйкес өзге де органдар. 2. Нысаналы капитал қорының жұмыскерлерін тағайындау, шеттету тәртібі, олардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңдарында және нысаналы капитал қорының жарғысында белгіленеді. 3. Нысаналы капитал қорының консультативтік-кеңесші органдары қамқоршылық кеңестің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында тек қана қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша құрылуы мүмкін.
1) нысаналы капитал қоры қызметінің жалпы стратегиясы мен бағыттарын айқындайды; 2) нысаналы капитал қоры осы Заңға сәйкес эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру арқылы қол жеткізетін мақсаттарды айқындайды; 3) қамқоршылық кеңестің құрамы мен мүшелерінің саны бойынша өзгерістерді бекітеді; 4) эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру, эндаумент-қор (нысаналы капитал) қалыптастырылатын мерзім (егер мерзім нысаналы салым шартында айқындалмаса) және эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) таратып жіберу туралы шешімдер қабылдайды; 5) нысаналы капитал қорының жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді; 6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нысаналы капитал қорының қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарды бекітеді; 7) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқару мен инвестициялаудың кәсіби әдеп қағидаларын бекітеді; 8) нысаналы капитал қорының есепке алу саясатын бекітеді; 9) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті бекітеді; 10) жыл сайын нысаналы капитал қорының қаржылық жоспарын (бұдан әрі - қаржылық жоспар) бекітеді; 11) қаржылық жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 12) инвестициялық декларацияны, сондай-ақ оған өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекітеді; 13) егер көрсетілген талаптар қайырмалдық шартында айқындалмаса, нысаналы капитал қорының меншікті қаражатын және ерікті қайырмалдықтарды пайдаланудың арналымы мен мақсаттарын айқындайды; 14) басқарушы компанияларға (фидуциарийлерге) қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді; 15) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламаларын бекітеді; 16) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 17) жыл сайын нысаналы капитал қорының қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлерін бекітеді; 18) нысаналы капитал қоры атқарушы органының басшысын тағайындау немесе шеттету, атқарушы орган мүшелерінің (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның) сандық құрамы мен өкілеттіктер мерзімі, оларды (оны) тағайындау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі туралы шешімдер қабылдайды; 19) ішкі аудит қызметінің басшысын тағайындау немесе шеттету туралы шешімдер қабылдайды; 20) нысаналы капитал қорының консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешімдер қабылдайды; 21) нысаналы капитал қорының консультативтік-кеңесші органдарының қызметі туралы ережені бекітеді; 22) басқарушы компания (фидуциарий) мен аудиторлық ұйымды, сондай-ақ олардың сыйақысының мөлшері мен нысандарын айқындайды; 23) эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру үшін ақша жинау туралы шешімдер қабылдайды және ақша жинау жөніндегі нысаналы салым шартының үлгілік нысанын бекітеді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы3-бап. Қазақстан Республикасының нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы заңнамасы4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері5-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастырудың, толықтырудың және оның инвестициялық кірісін пайдаланудың негізгі қағидаттары6-бап. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасы7-бап. Нысаналы капитал қоры қызметінің түрлері 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ8-бап. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті9-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. НЫСАНАЛЫ КАПИТАЛ ҚОРЫ10-бап. Нысаналы капитал қорын құру11-бап. Нысаналы капитал қорының құрылтайшылары12-бап. Нысаналы капитал қорының басқару органдары13-бап. Қамқоршылық кеңес14-бап. Атқарушы орган15-бап. Ішкі аудит қызметі16-бап. Нысаналы капитал қорының қаржылық есептілігі және аудиті17-бап. Салымшылардың құқықтары мен міндеттері18-бап. Салымшылардың нысаналы капитал қорын басқаруға қатысуы19-бап. Нысаналы капитал қорының үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу20-бап. Нысаналы капитал қорын тарату 4-тарау. ЭНДАУМЕНТ-ҚОРДЫ (НЫСАНАЛЫ КАПИТАЛДЫ) ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ТОЛЫҚТЫРУ, ТАРАТЫП ЖІБЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КІРІСІН ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ21-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру22-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру үшін ақша жинау23-бап. Фидуциарлық міндеттемелер24-бап. Инвестициялық кірісті пайдалану тәртібі25-бап. Эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) таратып жіберу 5-тарау. ЭНДАУМЕНТ-ҚОРДЫҢ (НЫСАНАЛЫ КАПИТАЛДЫҢ) АКТИВТЕРІН ҚҰРАЙТЫН МҮЛІКТІ БАСҚАРУ26-бап. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқару27-бап. Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құрамы28-бап. Эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің құнын айқындау29-бап. Инвестициялық декларация30-бап. Басқарушы компания (фидуциарий) қызметі31-бап. Кастодиандық қызмет көрсету32-бап. Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) инвестициялық портфельге енгізілген активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі шектеулер 6-тарау. НЫСАНАЛЫ КАПИТАЛ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ33-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет34-бап. «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында нысаналы капитал қорларының қызметін жүзеге асыру 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |