2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (2018.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабына және «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жамбыл облыстық мәслихатының 2018.05.03. № 21-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.14.05. № 23-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.25.08. № 26-2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 218 381 543 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 20 981 200 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1 518 209 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 705 000 мың теңге; трансферттер түсiмі - 195 177 134 мың теңге; 2) шығындар - 217 310 002 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 9 586 324 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 13 508 351 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 922 027 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 276 312 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 8 791 095 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 8 791 095 мың теңге. 2. 2018 жылы облыстық бюджеттен аудандық және қалалық бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенция 90 991 495 мың теңге сомасында белгіленсін, соның ішінде: Байзақ ауданына - 8 252 928 мың теңге; Жамбыл ауданына - 7 025 592 мың теңге; Жуалы ауданына - 6 967 037 мың теңге; Қордай ауданына - 10 250 299 мың теңге; Меркі ауданына - 7 595 575 мың теңге; Мойынқұм ауданына - 4 615 466 мың теңге; Сарысу ауданына - 6 218 540 мың теңге; Талас ауданына - 6 286 589 мың теңге; Т.Рысқұлов ауданына - 5 238 635 мың теңге; Шу ауданына - 8 469 625 мың теңге; Тараз қаласына - 20 071 209 мың теңге. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|