Қостанай қаласында сайлау учаскелерін құру туралы Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 3 шешімі
Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес Қостанай аумақтық қалалық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қостанай қаласының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес құрылсын. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қостанай аумақтық қалалық сайлау комиссиясының төрайымы С. Шарипова 2018 жылғы 15 қараша
Қостанай қаласы әкімінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 3 шешіміне 1-қосымша
Сайлау учаскелерінің шекаралары
№ 1 сайлау учаскесі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|