2016 - 2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (2016.06.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: Павлодар облыстық мәслихатының 2016.18.02. № 438/49 шешімімен (бұр.ред.қара); 2016.15.03. № 442/50 шешімімен (бұр.ред.қара); 2016.22.06. № 30/4 шешімімен (бұр.ред.қара); 2016.21.09. № 59/7 шешімімен (бұр.ред.қара); 2016.06.12. № 69/9 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. 2016 - 2018 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға мына көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 116777854 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 28131762 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1246760 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 87389132 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10200 мың теңге; 2) шығындар - 116215708 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 3343760 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 5463254 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 2119494 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 285787 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 285787 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -3067401 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3067401 мың теңге. Павлодар облыстық мәслихатының 2016.15.03. № 442/50 шешімімен (бұр.ред.қара); 2016.22.06. № 30/4 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне салықтардан түсетін түсімдердің жалпы сомасын үлестіру 2016 жылға мына мөлшерде белгіленсін: 1) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына - 100 пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|