Ақтау қаласы ішінде карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 96 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 02 маусымдағы № 01-43/389 ұсынысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтау қаласы ішіндегі жасыл желектерде карантиндік арамшөп - у кекіре 3,3 га және комсток сымыры - 0,2 га карантинді объектісінің анықталуына байланысты Ақтау қаласы ішінде карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін. 3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Ерсайынұлы «7» қазан 2016ж.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Р.Н. Түменов «7» қазан 2016 ж.
Ақтау қаласының әкімі С.Ө.Трұмов Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|