Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының және Ақтау қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы (2021.03.12. берілген өзгерістермен)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021.03.12. № 285 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 01-43/149 және 2021 жылғы 18 наурыздағы № 01-43/210 ұсыныстарының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының және Ақтау қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін. 2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Ниязовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021.03.12. № 285 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 96 қаулысына 1 қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|