Маңғыстау облысы әкімдігінің «Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының және Ақтау қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 96 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының және Ақтау қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 96 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 01-43/149 және 2021 жылғы 18 наурыздағы № 01-43/210 ұсыныстарының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 285 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 96 қаулысына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|