Павлодар қаласының 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2017 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына, сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Павлодар қаласының 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 53 954 564 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 45 271 975 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 266 629 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 392 115 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 8 023 845 мың теңге; 2) шығындар - 53 441 555 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 807 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 6 807 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 506 202 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 506 202 мың теңге. 2. Павлодар қаласының 2017 жылға арналған бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке 21 928 088 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін. 3. Павлодар қаласының 2017 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 245 014 мың теңге сомасында бекітілсін. 4. Павлодар қаласының 2017 жылға арналған бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|