Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Комитеттің басшы құрамының үлгі лауазымдары санаттарының және оларға тиісті шекті арнайы атақтарының тізбесінде: «ҚАЖ Комитетінің облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы департаменттері бойынша» деген бөлімнің тақырыбындағы «ҚАЖ Комитетінің» сөздер «ҚАЖ-дың» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; 3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|