Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы
Осы қаулының 5-тармағына сәйкес қолданысы тоқтатылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде: 1) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын, сондай-ақ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 3-тармағы 31), 32), 33) тармақшаларының негізінде сатып алынатын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын жиhаз және жеңіл өнеркәсіп; 2) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын машина жасау тауарларын ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін. 2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар шығарған тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін. 3. «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 356 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 4-жолдар алып тасталсын. 4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарын көрсете отырып, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін ұсынуды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 49 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|