Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері (2013.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитеті (бұдан әрi Комитет) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен Комитетті таратуды, оның мүлкiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне берудi жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 45-құжат) 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 қаңтардағы № 20 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен тәртібі туралы ережеде: 15-тармақтағы «Iшкi iстер» деген сөздер «Әдiлет» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 852 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
|