Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативті құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 454 бұйрыққа қосымша
Камералдық бақылау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|