Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2022.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.16.07. № 681 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Камералдық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің 2018.19.03. № 385 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.16.04. № 388 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.28.04. № 454 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген
Камералдық бақылау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Камералдық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 9)-тармақшасына сәйкес әзірленді және камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|