Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы (2022.08.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 949 Қаулысымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2022.08.08. № 544 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 949 Қаулысымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., №29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 1005 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 949 Қаулысымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына: 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; 3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға; 4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; 5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі - білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібі
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бағытталатын қаражат көлемі кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету қажеттігі ескеріле отырып, жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде мемлекеттік білім беру ұйымдары арасында осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентіне тепе-тең бөлінеді. ҚР Үкіметінің 2022.08.08. № 544 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты: 1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға; 2) білім беру ұйымында болған кезеңде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыруға; 3) қаржылық көмек көрсетуге; 4) мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуға; 5) жалпы білім беретін пәндер бойынша қосымша сабақтарды (бұдан әрі - қосымша сабақтар) ұйымдастыруға бағытталады. Қаржылық көмек көрсету осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады. Қаражатты жұмсаудың басым бағыты білім беру ұйымында болған кезеңде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары әрбір білім алушы мен тәрбиеленушіге киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемін қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне сәйкес ақшалай нысанда жүзеге асырылады, қаражаттың нысаналы пайдаланылуы олар сатып алынған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына міндетті түрде құжаттамамен (төлем туралы түбіртектер, чектер, фото) расталады. Жергілікті өкілді органдар қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздеуге құқылы. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алу, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысу, сондай-ақ қосымша сабақтар ұйымдастыру осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге де қолданылады. Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен және тәрбиеленушілермен қосымша сабақтар ұйымдастыруды мемлекеттік білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және телекоммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген материалдық көмек заңнамада белгіленген кепілдік берілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылады. 4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелетке толған білім алушының өтініші негізінде бөлінеді. Білім беру ұйымында өтініштерді қарау үшін бірінші басшының шешімімен жауапты тұлға бекітіледі. Жауапты тұлға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылық және материалдық көмек алуға өтініштерді тіркеу журналын жүргізеді. Ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының (бұдан әрі - өтініш беруші) өтініші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымына оның бірінші басшысының атына беріледі. Өтініш қажетті құжаттармен бірге өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Өтініш беруші құжаттарды көшірмелерде және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынады, содан кейін осы Қағидалардың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатын қоспағанда, түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады. Білім беруді басқару органы немесе жауапты тұлға өтініш берушінің осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына тиесілігі жөніндегі, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың табысы туралы мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салу жібереді. Өтінішке растайтын құжаттар: 1) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаты үшін отбасыларда тәрбиеленетін жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі; 2) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаты үшін «Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тергеп-тексеру актісі қоса беріледі. Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың санатын отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы негізінде білім беру ұйымының алқалы органы анықтайды. Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда отбасының кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен жүзеге асырылады. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру қорытындысына алқалы басқару органның өкілдері, жауапты тұлға қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге, ал ол болмаған жағдайда, оның қатысуымен отбасының тексеру жүргізуге қатысқан кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшесіне ұсынылады. Өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы алқалы басқару органның өкілдері қол қоятын қорытындыда тіркеледі. Алқалы басқару органының отырыстары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған алқалы басқару органның қатысып отырған өкілдері, жауапты тұлға қол қояды және білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі. Қаржылық және материалдық көмек: 1) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға); 2) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған алқалы басқару органының қорытындысына сәйкес материалдық көмек көрсетуді қажет етпейтін адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды. ҚР Үкіметінің 2022.08.08. № 544 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар санаттарына жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы кезеңінде қаржылық және материалдық көмек алу құқығы білім беру ұйымына құжаттар ұсыну арқылы оқу жылына бір рет расталады. 6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді. 7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын есепке алуды білім беру саласындағы уәкілетті органның немесе білім ұйымының қаржы қызметі жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары 30 қыркүйекке, 30 желтоқсанға, 30 наурызға және 30 мамырға дейінгі мерзімде еркін нысан жергілікті атқарушы органға жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша есептілікті ұсынады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу 1-қосымша
Нысан
Қаржылық және материалдық көмек алуға өтініштерді тіркеу журналы
Кестенің жалғасы
ҚР Үкіметінің 2022.08.08. № 544 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу 2-қосымша
Нысан
Ұйым басшысы _______________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________ (өтініш берушінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________ (үйінің мекенжайы) _______________________ (ұялы тел., Е-mail)
Өтініш
Сізден _________________________________________________________________________________ (себептер көрсетіледі) байланысты ____________________________________________ сыныптың білім алушысы, тәрбиеленушісі _____________________________________________________________________________________түрінде (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________________ қаржылық/материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын. Киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алғанда оларды сатып алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаражаттың нысаналы жұмсалғанын растайтын құжаттарды ұсынуға келісемін. Жалған ақпарат пен анық емес (жалған) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді. «____» ________________ ___________________ ______________ (күні) (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)
ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу 3-қосымша
Нысан
Қаржылық және материалдық көмек алуға өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы 1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________________________________________ 2. Тұрғылықты мекенжайы __________________________________________________________________ 3. Жұмыс орны, лауазымы __________________________________________________________________ 4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есепке алынады) _____ адам, оның ішінде:
Еңбекке қабілетті барлық адам_____________. Жұмыссыз ретінде тіркелгендері ______адам. Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында)______ адам. Кәмелетке толмаған балалардың саны _______ адам, оның ішінде: толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі білім алушылар _______ адам, жасы ________; жоғары және орта арнаулы оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ________ адам, оқу құны жылына бір оқушыға ______________теңге. 5. Тұрмыс жағдайлары (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын кооператив, жеке тұрғын үй немесе өзге) (қажеттісінің астын сызу) ____________________________________________________ ____________________________________________________ Ас бөлмесін, қойманы және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _____ Тұрғын үйді ұстауға бір айдағы шығыстар ________________ 6. Отбасы табысы
7. Мыналардың бар-жоғы: автокөлік (маркасы, шығарылған жылы, құқық белгілейтін құжат, оны пайдаланудан түскен мәлімделген кірістер) ____________________________________________________ ____________________________________________________ қазіргі уақытта тұрып жатқан тұрғын үйден басқа тұрғын үй (оны пайдаланудан түскен мәлімделген кірістер) ____________________________________________________ ____________________________________________________ 8. Отбасының өзге табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ____________________________________________________ ____________________________________________________ 9. Көрініп тұрған мұқтаждық белгілері ____________________________________________________ 10. Әл-ауқатының көрнекі белгілері ____________________________________________________ ____________________________________________________ 11. Тұрмысының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ____________________________________________________ 12. Басқа байқалғаны: ____________________________________________________ ____________________________________________________ Алқалы басқару органының өкілдері: _____________________________ _____________________________________ Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты тұлға: __________________________ _____________________________________ __________________________ _____________________________________ __________________________ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жасалған актімен таныстым: Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ____________________________________________________ Тексеру жүргізуден бас тартамын ____________________________________________________ (Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу 4-қосымша
Нысан
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету жөніндегі отырысының 20__жылғы_ «__» ______ №_ хаттамасы
(Орналасқан жері) (Уақыты мен күні) 1. Алқалы басқару органының құрамы: ______________________________ (құрамын көрсету) (Т.А.Ә.) 2. Қаржылық / материалдық көмек алуға өтініштер тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен тіркелген:
|