Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы (2020.14.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 187 бұйрығымен 2020 жылғы 1 маусымнан бастап күші жойылды
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 146 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлар тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.14.04. № 123 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттарды беруді тоқтатсын; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттар беруді Қағидаларға сәйкес жүзеге асырсын. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.14.04. № 123 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|