Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2017 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Әкімшілерге негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері мен оны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10808 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 мамырда жарияланған): көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықтың 1 тармағының 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін төлеу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Уақытша және банкроттықты басқарушыларға төленетін негізгі сыйақының мөлшерлері осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді; көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|