Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысанын бекіту туралы (2019.07.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2018.09.04. № 453 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2018.09.04. № 453 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Қаржы министрінің 2018.09.04. № 453 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің 2018.09.04. № 453 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйырығына 1-қосымша
Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|