Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесін бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 мамырдағы № 374-НҚ бұйрығымен бекітілген
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесі
1. Төмен вольтты жабдық. 2. Электромагниттік кедергілер жасауға қабілетті және (немесе) жұмыс істеу сапасы сыртқы электромагниттік кедергілердің әсеріне байланысты болатын техникалық құралдар. 3. Қауіпті заттары бар электр техникасы мен радиоэлектроника бұйымдары. 4. Машиналар мен жабдық. 5. Лифтілер. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|