Қазақстан Республикасының (2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасы 2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы 3-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар 4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру және оның қызметі 4-1-бап. Арнайы қаржы компаниясы органдарын қалыптастырудың ерекшелiктерi 5-бап. Арнайы қаржы компаниясының аудиті 5-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының есептілігі 6-бап. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату 6-1-бап. Бөлінген активтердің құқықтық режимі 6-2-бап. Бөлінген активтерді басқару 6-3-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау 2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру 6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы 6-5-бап. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру 6-6-бап. Арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жобалық қаржыландыру 6-7-бап. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын объектілерге меншік құқығы 6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері 6-9-бап. Мемлекет қатысатын жобалық қаржыландыру кезінде орындаушыны ауыстырудың ерекшеліктері 3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері 7-бап. Секьюритилендіру объектілері 8-бап. Алып тасталды 9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты 10-бап. Алып тасталды 11-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру 12-бап. Алып тасталды 13-бап. Секьюритилендіру мәмілелері бойынша есепке алу және есептілік 14-бап. Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезінде облигацияларды шығару ерекшеліктері 3-1-тарау. Синдикатталған қаржыландыру 14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері 14-2-бап. Синдикатталған қаржыландыру талаптары 16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнайы қаржы компаниясы - жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға; 2) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты - активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтірілген) кiрiстер (залалдар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейдi; 3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары - эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) базалық шарт - ол бойынша бір тарап мүлікті түзуге және (немесе) екінші тарапқа беруге немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар шығаруға және (немесе) жұмыстарды орындауға міндеттеме алатын жазбаша келісім; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) банк-агент - екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі; 5) бөлiнген активтер - жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзі берген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді түзу кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар; 6) дебитор - қазіргі немесе болашақ ақшалай міндеттемесі бар тұлға; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) жобалық қаржыландыру - мүлікті түзу және (немесе) беру және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау үшін күтілетін жүйелі қаржылық төлемдер қамтамасыз етуі болып табылатын, талап ету құқығын беру арқылы ұзақ мерзімді жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру тәсілі; 8) жобалық қаржыландыру мәмілесі - тапсырыс берушінің, орындаушының, арнайы қаржы компаниясының, кредиторлардың және өзге де тұлғалардың базалық шартты орындау шеңберінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, сондай-ақ бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді қабылдауға және орындауға бағытталған іс-қимылы; 9) инвестициялық портфельді басқарушы - инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясына уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөнінде арнайы қаржы компаниясына қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) кепілді басқарушы - тең кепіл ұстаушылардың арасында жасалған кепілді басқару шартына байланысты солардың атынан және мүдделерінде әрекет ететін, тең кепіл ұстаушылардың атынан кепіл шартын жасайтын заңды тұлға; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) кредитор - облигациялар ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе синдикатталған қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын тұлға; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) кредиторлар синдикатына қатысушылар - екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, халықаралық қаржы ұйымдары; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды 10-2) қарыз алушы - синдикатталған қаржыландыру шеңберінде қарыз берілетін заңды тұлға; 11) қосымша қамтамасыз ету - арнайы қаржы компаниясының кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын үшінші тұлғалардың есебінен кепілдік, кепілгерлік, кепілзат түрінде, сондай-ақ шарттарда көзделген өзге де жолдармен қамтамасыз ету тәсілдері; 12) оригинатор - секьюритилендіру мәмілесін жасасу кезінде талап ету құқықтарын беруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) орындаушы - базалық шартқа сәйкес мүлікті түзетін және (немесе) беретін және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсететін және (немесе) тауарлар шығаратын және (немесе) жұмыстарды орындайтын заңды тұлға; 14) секьюритилендіру - бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру; 15) секьюритилендіру мәмілесі - арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды 15-1) синдикатталған қаржыландыру - бір синдикатталған қарыз шарты негізінде бірнеше кредитордың қарыз алушыны қаржыландыру тәсілі; 16) талап ету құқықтары - талап ету құқықтарын беру шартын жасасқан сәтте қолда бар ақшалай талап етулер (қолда бар талап ету құқықтары), сондай-ақ бар міндеттемеден немесе болашақ міндеттемеден болашақта туындайтын ақшалай талап етулер (болашақ талап ету құқықтары); 17) талап ету құқықтары бойынша түсiмдер - дебиторлардың мiндеттемелерi бойынша ақшалай нысандағы түсiмдер, сондай-ақ базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдаланған немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тұлғалардан түсетiн түсiмдер; 18) талап ету құқықтарының біркелкілігі - талап ету құқықтарының облигациялар шығару проспектісінде айқындалған жалпы объективті өлшемге сәйкестігі; 19) тапсырыс беруші - жеке немесе заңды тұлға, Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган атынан әрекет ететін мемлекет, сондай-ақ олар уәкілеттік берген, олардың тапсырмасы бойынша базалық шарт іске асырылатын мемлекеттік органдар; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 21) үлестес тұлғалар - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміленің күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда).
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелеріне және арнайы қаржы компаниясының қызметіне байланысты қатынастарға қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы
3-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар 1. Оригинатор құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) жарғылық капиталдың мөлшерін толығымен төлеген не өздері сатып алған оригинатордың акцияларын құрылтай шартына сәйкес толығымен төлеген заңды тұлға болып табылады. 2. Оригинатор бір мезгілде секьюритилендірудің бірнеше мәмілелерін жүзеге асыруға қатысуға құқылы. 3. Оригинаторда секьюритилендіру мәмілелерін жасасқанға дейінгі соңғы бір жылдағы аудиторлық есеп болуға тиіс.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру және оның қызметі 1. Арнайы қаржы компаниясын оригинатор немесе өзге тұлға жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілесіне қатысу үшін акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құра алады. Арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылады. Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақта тіркелген, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін үлестес тұлғалары бар заңды тұлғалар арнайы қаржы компаниясының дауыс беретін акцияларын және жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) билік етуге құқылы емес. 2. Арнайы қаржы компаниясының атауында «арнайы қаржы компаниясы» деген сөздер болуға тиіс. Атауында «АҚК аббревиатурасын пайдалану арқылы арнайы қаржы компаниясының атауын қысқартуға жол беріледі. Арнайы қаржы компаниясының атауында оригинатордың немесе арнайы қаржы компаниясы құрылтайшыларының фирмалық атауына байланысты сөздерді пайдалануға жол берілмейді. 3. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельді басқарушымен шарт негізінде бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді тізбесін уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарына ғана инвестициялауды жүзеге асырады. 4. 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Арнайы қаржы компаниясы органдарын қалыптастырудың ерекшелiктерi Арнайы қаржы компаниясы органдарының құрамына кредиторлардың талабы бойынша олардың мүдделерiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына және арнайы қаржы компаниясының жарғысына сәйкес белгiленген өкiлеттiктерi бар тұлғалар енгiзiледi. Заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлға арнайы қаржы компаниясының органдарында қызмет атқаруға құқылы емес.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды 4-2-бап. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы қызметінің ерекшеліктері 1. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясының мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға: 1) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген қарыз шарттарын жобалық қаржыландыру мәмілелерін іске асыру мақсатында жасасуға; 2) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруға; 3) базалық шарт бойынша орындаушының ақшалай талап етулерін беру негізінде қаржыландыру шартын жасасуға; 4) бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында инвестициялауды жүзеге асыруға; 5) осы баптың 2-тармағында белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, жобалық қаржыландыру мәмілесін іске асыру үшін қажетті, кредиторлардың мүддесіндегі өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы: 1) басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) болуға; 2) филиалдар және өкілдіктер құруға; 3) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалғанға дейін акционерлерге дивидендтер төлеуге немесе таза пайданы серіктестік қатысушыларының арасында бөлуге; 4) кредиторлардың келісімінсіз талап ету құқықтарын кейіннен беруді жүзеге асыруға; 5) жобалық қаржыландыру мәмілелеріне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес. 3. Жобалық қаржыландыру мәмілесіне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыру арнайы қаржы компаниясы үшін құқықтар мен міндеттердің туындауына әкеп соқпайды.
5-бап. Арнайы қаржы компаниясының аудиті Арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге міндетті.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының есептілігі Арнайы қаржы компаниясы есептілікті арнайы қаржы компаниясы мен кредиторлардың арасындағы қарыз шарттарында және (немесе) арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару талаптарында көзделген тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ осы Заңның 13-бабына сәйкес жүзеге асырады.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату 1. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді оның қатысушылары немесе акционерлері: 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген барлық міндеттемелердің орындалу қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін; 2) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, оның барлық кредиторларының келісімі болған кезде қабылдай алады. 2. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Арнайы қаржы компаниясы таратылған кезде бөлінген активтерді өндіріп алуға жол берілмейді. Бөлінген активтер барлық кредиторларға немесе құқықтық мирасқорларына олардың талаптарының сомаларына пропорционалды түрде беріледі.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды 2-1-тарау. Бөлінген активтер
6-1-бап. Бөлінген активтердің құқықтық режимі 1. Бөлiнген активтерді қалыптастыру базалық шарт бойынша жобалық қаржыландыру кезінде орындаушының талап ету құқықтарын беру нәтижесінде, сондай-ақ секьюритилендiру кезінде оригинатордың талап ету құқықтарын арнайы қаржы компаниясының пайдасына беру нәтижесінде және жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру мәмілелерінде қосымша қамтамасыз етуді түзу бойынша өзге де шарттар жасасу нәтижесінде жүзеге асырылады. 2. Бөлiнген активтер арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанға дейін, арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан және кез келген өзге тұлғаға тиесілі не секьюритилендiрудің кез келген өзге де мәмілелеріне жататын кез келген өзге де активтерден бөлек болады. 3. Бөлiнген активтер жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезінде кредиторлардың құқықтарын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Бөлінген активтерді басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. 4. Бөлінген активтерден өндіріп алу жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерінің шеңберінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелерін орындау үшін ғана жүргізілуі мүмкін және мынадай кезектілікпен жүзеге асырылуға тиіс: 1) бірінші кезекте арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелері орындалады; 2) екінші кезекте жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерімен байланысты қызмет көрсетулерге ақы төлеу жүргізіледі.
6-2-бап. Бөлінген активтерді басқару 1. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялауды инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарттың негізінде жүзеге асырады. Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда және тәртіппен жасалады. 2. Бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан басқа инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт мыналарды: 1) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін; 2) инвестициялық портфельді басқарушының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінің қатысушыларымен өзара, оның ішінде қосымша қамтамасыз етуді құру бойынша шарттар жасасу жөніндегі іс-қимыл тәртібін; 3) кредиторларға немесе олардың өкіліне және уәкілетті органға ақпаратты ашу тәртібін; 4) бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген, уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес қаржы құралдарының тізбесін қамтуы тиіс. 3. Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт, шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар мынадай жағдайлардың бірінде: 1) шарт тараптарының біреуінің бастамасы бойынша; 2) уәкілетті орган берген инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде бұзылуы мүмкін. Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шартты бұзудың бастамашысы бұзу күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын шарттың тарапын жазбаша хабардар етуге міндетті. Инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырылған жағдайларда инвестициялық портфельді басқарушы бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт жаңа инвестициялық портфель басқарушысына берілетін арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салыстыру рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылды деп саналады. 4. Инвестициялық портфельді басқарушы өз міндеттемелері бойынша арнайы қаржы компаниясының алдында өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жауапты болады.
6-3-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау 1. Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерi кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан-банктің шоттарында сақталады және есепке алынады. 2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк пен арнайы қаржы компаниясы арасында, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялаған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушымен жасалады. 3. Кастодиандық үлгілік шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4. Кастодиан-банк уәкiлеттi органды, арнайы қаржы компаниясын, инвестициялық портфельді басқарушыны, сондай-ақ мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы қор биржасын дереу хабардар етуге міндетті. 5. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 6. Кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына оның шоттарының жай-күйі туралы ай сайын хабарлап отырады. 7. Кастодиандық шарт бір мезгілде бір кастодиан-банкпен ғана жасалуға тиіс. 8. Шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылуының жалпы негіздерімен қатар, кастодиандық шарт мына жағдайлардың бірінде: 1) арнайы қаржы компаниясы атқарушы органының тиісті шешімінің негізінде; 2) инвестициялық портфельді басқарушының талабы бойынша; 3) кастодиан-банктің шешімі бойынша; 4) кастодиан-банктің уәкілетті орган берген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда бұзылуы мүмкін. Кастодиан-банктің лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған жағдайда, кастодиан-банк бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясына жазбаша хабарлауға міндетті. Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы шарттың тараптарына шартты бұзудың белгіленген күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлауға міндетті. Кастодиандық шарт арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беру рәсімдері аяқталғаннан кейін бұзылған болып есептеледі.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 2-2-тараумен толықтырылды 2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру
6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Жобалық қаржыландыру бойынша мәміле кезінде тапсырыс беруші орындаушымен базалық шарт жасасады, ол бойынша орындаушы мүлікті түзу және (немесе) беру және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау нәтижесінде ұзақ мерзімді негізде жүйелі түрде ақшалай түсімдер құқығын иеленеді. 2. Орындаушы өз міндеттемелерінің орындалуын базалық шарт бойынша талап ету құқықтарын кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына беру жолымен қамтамасыз ете отырып және (немесе) өзге қамтылымды ұсына отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығарады немесе арнайы қаржы компаниясынан қаржыландыру алады. 3. Кредиторлар өздерінің арасындағы келісімнің негізінде орындаушымен және (немесе) арнайы қаржы компаниясымен өзара қарым-қатынасындағы өздерінің құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу тәртібі мен шарттарын айқындай, оның ішінде кредиторлар міндеттемелерін қанағаттандырудың кезектілігін көздей, сондай-ақ кредиторлардың өкілін айқындай алады. 4. Егер жобалық қаржыландыру мәмілесінде тараптардың бірі мемлекет болса, жобалық қаржыландыру тек қана жобалық қаржыландыру мәмілесін орындауды іске асыру үшін орындаушы құратын арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс. 5. Егер кредиторлардың кем дегенде біреуі бұл туралы талап етсе, жобалық қаржыландыру арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс. 6. Базалық шартты бұзу және қатысушыларының шарт міндеттемелерін орындаудан бас тартуы осы Заңда мемлекеттің қатысуымен болатын жобалық қаржыландыру бойынша қарым-қатынастар үшін көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. 7. Орындаушы базалық шартта айқындалған өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, базалық шартта оны ауыстыру мүмкіндігі көзделуге тиіс. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасы 2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы3-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру және оның қызметі4-1-бап. Арнайы қаржы компаниясы органдарын қалыптастырудың ерекшелiктерi4-2-бап. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы қызметінің ерекшеліктері5-бап. Арнайы қаржы компаниясының аудиті5-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының есептілігі6-бап. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату 2-1-тарау. Бөлінген активтер6-1-бап. Бөлінген активтердің құқықтық режимі6-2-бап. Бөлінген активтерді басқару6-3-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау 2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы6-5-бап. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру6-6-бап. Арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жобалық қаржыландыру6-7-бап. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын объектілерге меншік құқығы6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері6-9-бап. Мемлекет қатысатын жобалық қаржыландыру кезінде орындаушыны ауыстырудың ерекшеліктері6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері 3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері7-бап. Секьюритилендіру объектілері8-бап.9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты10-бап.11-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру12-бап.13-бап. Секьюритилендіру мәмілелері бойынша есепке алу және есептілік14-бап. Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезінде облигацияларды шығару ерекшеліктері 3-1-тарау. Синдикатталған қаржыландыру14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері14-2-бап. Синдикатталған қаржыландыру талаптары14-3-бап. Берешекті сотқа дейін реттеудің шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар 4-тарау. Қорытынды ережелер |