Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша Комиссия құрамын және ережесін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы (2019.26.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 671 бұйрығымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 63-бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 6-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша комиссия туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша комиссия құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрықтары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жойылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмағамбетовқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 123 бұйрығына 1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жұмысын ұйымдастыру мен қызметін реттейді. 2. Комиссия жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыратын, тұрақты қызмет ететін орган болып табылады. 3. Комиссия өз жұмысында осы ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу саласында құқықтық қатынастарды регламенттейтін өзге де нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|