ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қаржылық мониторингті дамытудың 2022- 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін. 2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісім бойынша): 1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 6 қазан
№ 1038
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 1038 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана қ., 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты 2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау 3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу 4-бөлім. Қаржылық мониторингті дамыту пайымы 5-бөлім. Қаржылық мониторингті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері 6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер 7-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (қосымша)
1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|