Жеке қорғанудың барлық шаралары сақталған кезде науқасқа немесе COVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.
23. Дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету және басқа эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар) қамтамасыз ету қажет.
24. Медициналық ұйымдар ЖҚҚ-ның, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
25. Инфекциялық стационарлардың басшылары жұмыс істейтін басқа персоналда респираторлық симптомдар пайда болған кезде тартылуы мүмкін резервтік персоналдың тізімін жасауы тиіс.
26. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
27. Медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің медицина қызметкерлері мен студенттері медициналық ұйымдарда практика басталар алдында осы қаулыға 263-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға тестілеуден өтуге тиіс.
28. Пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.
29. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайға оқшаулауға арналған бөлімшені немесе изоляторды көздеу қажет.
30. Персонал ЖҚҚ жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
31. Персонал лас аймақта осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс.
32. Емдеуге жатқызуға түскен кезде адамдар осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге жатады.
33. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін пациенттер жеке палатада орналастырыла отырып, оларға қажетті медициналық көмектің көлемі көрсетіледі. Медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету кезінде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.
34. Қызметкерлерді осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз ету керек.
35. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеу қажет.
36. Пациенттердің бөлімшелер арасында (пациентті медициналық көрсеткіштер бойынша ауыстыру жағдайларын қоспағанда) жүріп-тұруына жол берілмейді. Пациенттер бөлімшеден немесе бөлімше ішінде шығуы қажет болған жағдайда маскаларды пайдалануға міндетті.
37. Палаталардың толтырылу циклділігін сақтау.
38. Барлық үй-жайларды үнемі желдетуді қамтамасыз ету.
39. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті COVID-19-ды ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарауы тиіс.
40. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, тез арада оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.
41. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) медициналық ұйымда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
Барлық МСАК ұйымдарында «лас» және «таза» аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет.
42. «Лас» аймаққа мыналар жатады:
2) изолятор.
43. «Таза» аймаққа МСАК-тың қалған барлық үй-жайлары жатады.
44. Персонал ЖҚҚ жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
45. МСАК ұйымына кіреберісте сүзгінің орналасқан орны туралы тиісті көрсеткіштер орнатылады.
46. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар изоляторға оқшауланады.
47. Дәрігер тексергеннен кейін пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі немесе инфекциялық стационарға жатқызылады.
Медицина қызметкерлері медициналық ұйымдарда өзін қорғау және COVID-19-дың берілуінің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауы қажет.
Медициналық ұйымдағы кез келген адам ықтимал жұқтырған немесе вирусты тасымалдаушы болып табылады және инфекция көзі болуы мүмкін деп болжай отырып, стандартты сақтық шараларын сақтауы қажет.
Медицина қызметкерлері пациентпен кез келген тікелей байланысқа дейін және одан кейін, ықтимал инфекциялық материалмен жанасудан және киіну алдында және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ), оның ішінде қолғаптарды шешкеннен кейін қол гигиенасын сақтауы қажет.
Бір рет қолданылатын және көп рет қолданылатын ЖҚҚ пайдалануға жол беріледі. Пайдаланғаннан кейін бір рет қолданылатын ЖҚҚ кәдеге жаратуға жатады. Әрбір пайдаланудан кейін көп рет қолданылатын ЖҚҚ-ны өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес зарарсыздандыру қажет.
ЖҚҚ жиынтыққа кіретін компоненттерге байланысты қызметкерді қорғаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз етеді. ЖҚҚ-ны жұқтыру қаупіне (мысалы, жұмыс немесе іс-әрекет түріне) және вирустың берілу механизміне (мысалы, байдланыс, тамшы арқылы немесе аэрозольді) қарай пайдалану қажет.
ЖҚҚ жиынтығына байланысты қорғаудың үш деңгейіне бөлінеді (1-кесте).
№2 қорғау деңгейін қамтамасыз ететін ЖҚҚ жиынтығында респираторлар тапшы болған жағдайда медициналық маскаларды тағуға жол беріледі. Бұл жағдайда көзді қорғау үшін бет қалқаншалары қолданылады. Медициналық маскалар кемінде екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс. Маскаларды ылғалдауға тыйым салынады.
Бірдей диагнозы бар бірнеше пациенттермен жұмыс істеген кезде респираторды шешпей, бір N95, FFP3 респираторын немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша киюге рұқсат етіледі. Бір респираторды 8 сағаттан астам уақыт бойы пайдалануға жол берілмейді.
Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы, техникалық персонал ЖҚҚ-ны дұрыс кию, шешу және кәдеге жарату техникасы бойынша нұсқамадан өтеді.
Әрбір медициналық ұйымда ЖҚҚ-ны пайдалануға бақылау жүргізетін жауапты адам тағайындалады.
СОVID-19 науқастарын емдеуде қолданылатын ЖҚҚ-ның типі қызмет түріне байланысты болады (2-кесте).
Байланыста болу шарттары | Медицина персоналы немесе пациенттер | Қызмет түрі | Ұсынылатын ЖҚҚ түрі |
Амбулаториялық мекемелер |
Науқастарды медициналық ұйымдарда сұрыптау (емхана алдында немесе оған кіреберісте физикалық кедергілер орнату (мысалы, шыны немесе пластик терезелер) | Медицина қызметкерлері | Тікелей байланыссыз алдын ала скрининг | Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау. ЖҚҚ: қалауынша медициналық бас киім Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Ауысымды жұмыс аяқ киімі Физикалық кедергілер болмаған кезде бетке арналған қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет |
Пациенттер | Кез келген | 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау. Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса. |
Дәрігердің қабылдау бөлмесі (консультация беру кабинеті, «сүзгі» кабинеті) | Медицина қызметкерлері | Респираторлық белгілері бар және/немесе COVID-19 күдігі бар пациентті медициналық тексеру | Медициналық бас киім Медициналық маска немесе респиратор N95 немесе FFP3 Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасында байламы бар тмата емес материалдан тігілген халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Дәрігердің қабылдау бөлмесі (консультация беру кабинеті) | Медицина қызметкерлері | Респираторлық белгілері жоқ және/немесе COVID-19 күдігі жоқ пациентті медициналық тексеру | ЖҚҚ: қалауы бойынша медициналық бас киім Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Қауіпті бағалауға сәйкес тексеру және/немесе медициналық манипуляция жүргізу кезінде нитрил/латекс қолғаптар Су өткізбейтін материалдан тігілген ауысымды жұмыс аяқ киімі |
| Кіші медицина персоналы | | ЖҚҚ: қалауы бойынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тығыз қолғап (шаруашылықта қолданатын резеңке) Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі * Сүзгі кабинетінде және пациентті сұрыптау аймағында жұмыс істеу кезінде бетке арналған қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет. Ұзын жеңді және байламы бар мата емес материалдан тігілген халат |
Әкімшілік үй-жайлар | Медициналық ұйымның қызметкерлері | Пациенттер болмайтын аймақ | Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Үй ошағы | Медицина қызметкерлері | Пациентті медициналық тексеру | Медициналық бас киім (қалауы бойынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан жасалған халат Пациентті қарау кезінде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Медицина қызметкерлері бір ошақта пациенттер немесе байланыста болған адамдар арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады, пәтерлер (үйлер) арасында халатты міндетті түрде ауыстыру қажет |
Медицина қызметкерлері | Байланыста болғандардан немесе науқастан ПТР-ға үлгіні іріктеу | Медициналық бас киім (қалауынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны * Медицина қызметкерлері бір ошақта пациенттер немесе байланыста болған адамдар арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады, пәтерлер (үйлер) арасында халатты міндетті түрде ауыстыру қажет |
Пациенттер | Медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде | Кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау. Медициналық маска, егер ол оны қолдана алса |
COVID-19-ға күдікті, ықтимал және расталған жағдайлары бар пациенттерді емдеуге жатқызуға арналған медициналық ұйымдар |
Пациент палатасы | Медицина қызметкерлері | CОVID-19-ға күдікті немесе расталған науқастарға тікелей медициналық көмек көрсету. | Медициналық бас киім Респиратор N95 немесе FFP3 Мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Егер халат сұйықтықтардың шашырауына төзімді болмаса, алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан тігілген ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Медицина қызметкерлері | Аэрозольдердің пайда болуымен байланысты емшаралар үшін (мысалы, кеңірдектің интубациясы, инвазивті емес жасанды желдету, трахеостомия, жүрек-өкпе реанимациясы, интубация алдында қол құралдарының көмегімен жасанды желдету, бронхоскопия) және қарқынды терапия бөлімшесі | Медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты бар болса ауаны мәжбүрлеп беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе N99, FFP3 типті респираторлар Жұмыс киімі (медициналық костюм) Капюшоны бар суға төзімді қорғаныш комбинезоны немесе ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет Нитрил/латекс қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Пациенттер | Кез келген | Егер ол оны пайдалана алатын болса пациентке медициналық маска беру |
| Кіші медицина персоналы | COVID-19 науқас палатасына кіру | Медициналық бас киім N95 немесе FFP3 респираторы Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан жтігілген халат Егер халат сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет. Тығыз резеңке қолғап (шаруашылыққа арналған) Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі * Техникалық персонал тазалау кезінде палаталар арасында қолғап пен халатты ауыстыруы керек |
COVID-19 күдікті немесе расталған жағдайы бар пациенттерге хирургиялық және акушерлік көмек көрсету кезінде | Медицина персоналы | Операция және босандыру блогы | Медициналық бас киім Бар болған кезде мәжбүрлі ауа беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе тәуекел дәрежесіне байланысты клапансыз N95, FFP2, N99, FFP3 типті респираторлар Жұмыс киімі (медициналық костюм) Капюшоны бар суға төзімді қорғаныш комбинезоны немесе ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныштық көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі * Операциялық алаңның стерильділігінің бұзылуына байланысты клапанды респираторларды пайдалану ұсынылмайды. |
Науқастарды тасымалдау | Медицина қызметкерлері | Стационар ішінде (мысалы КТИ, ФГ және т. б. үшін тасымалдау) | Медициналық бас киім (қалауынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасында байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Пациентті қарау кезінде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Пациент | Егер ол оны қолдана алса, медициналық маска беру Мүмкіндігінше 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау |
Зертхана, медициналық ұйымдар | Медицина қызметкерлері | Респираторлық сынамалармен манипуляциялар, COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін сынамалар іріктеу | Медициналық бас киім Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Нитрил / латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі * Медицина қызметкерлері пациенттер арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады |
Таза аймақ Пациенттер жоқ әкімшілік аймақ | Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы техникалық персонал | Пациенттің күтіміне байланысты емес кез келген | Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Инфекциялық емес стационарлар |
Науқастарды стационарға кіреберісте қабылдау бөліміне дейін сұрыптауды ұйымдастыру, сұрыптаудың медицина персоналын ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету, физикалық кедергілерді (мысалы, шыны немесе пластикалық терезелер) орнату және кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау ұсынылады. ЖҚҚ: қалауы бойынша медициналық бас киім. Медициналық маска. Жұмыс киімі, Ауысымдық жұмыс аяқ киімі. Физикалық кедергілер болмаған кезде бетке арналған қорғаныш көзілдірікті немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет |
Респираторлық инфекция белгілері бар науқастарды қабылдауға арналған қабылдау бөлмесі | Медицина қызметкерлері | Респираторлық симптомдары бар пациентті медициналық тексеру | Медициналық бас киім Медициналық маска немесе респиратор N95 немесе FFP3 Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасында байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Нитрил/ латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Пациенттер | Кез келген | Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса |
Респираторлық белгілері жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ науқастарды қабылдауға арналған қабылдау бөлмесі | Медицина қызметкерлері | Медициналық қарап- тексеру | Қалауы бойынша медициналық бас киім Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тәуекелді бағалау бойынша нитрил/латексті қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Пациент палатасы | Медицина қызметкері | Пневмониясы бар немесе COVID-19 жоққа шығармайтын науқастарға медициналық көмек көрсету Аэрозольдердің пайда болуымен байланысты емшаралар үшін (мысалы, кеңірдектің интубациясы, инвазивті емес жасанды желдету, кеңірдектің қабынуы, жүрек-өкпе реанимациясы, интубация алдында қол құралдарының көмегімен жасанды желдету, бронхоскопия) | Медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты респиратор N95 немесе FFP3 Мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат немесе капюшоны бар қорғаныш комбинезон Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Медицина қызметкері | Респираторлық симптомдары жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ пациентті медициналық тексеру және күту | Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау. Қалауы бойынша медициналық бас киім Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тәуекелді бағалау бойынша нитрил/латекс қолғаптар Су өткізбейтін материалдан тігілген ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Кіші медицина персоналы | | Респираторлық белгілері бар пациенттерге көмек көрсететін үй-жайларды жинау кезінде ЖҚҚ инфекциялық стационарларда да осыған ұқсас қолданылады Респираторлық белгілері жоқ және COVID-19 күдігі жоқ пациенттерге көмек көрсететін үй-жайларды тазалау кезінде: қалауы бойынша медициналық қалпақ пайдаланылады Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тығыз резеңке (шаруашылыққа арналған) қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Зертхана, медициналық ұйымдар | Медицина қызметкерлері | Респираторлық сынамалармен манипуляциялар, COVID-19-ға зертханалық зерттеуге сынама алу | Медициналық бас киім (қалауы бойынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Нитрил/ латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі * Медицина қызметкерлері пациенттер арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады |
Әкімшілік үй-жайлар | Медицина қызметкерлерін қоса алғанда, барлық персонал. | COVID-19 науқастарымен байланыс жасауды көздемейтін әкімшілік іс-шаралар | Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Шекараны кесіп өту пункттері (кіру-шығу) |
Әкімшілік үй-жайлар | Барлық персонал | Кез келген | ЖҚҚ: медициналық маска және қолға арналған антисептиктер |
Скринингке арналған үй-жай | Персонал, СКП қызметкерлері | Тікелей байланыссыз бірінші скрининг (температураны өлшеу) | Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау. ЖҚҚ: Медициналық маска Физикалық кедергіні (пластикалық немесе шыны қалқалар) пайдалану ұсынылады Физикалық кедергілер болмаған кезде қорғаныш көзілдірігін немесе бетке арналған қорғаныш қалқанын пайдалану қажет Қол антисептиктерін қолдану |
Медицина қызметкерлері, Персонал | Екінші скрининг (яғни, температурасы бар пациенттерден COVID-19 инфекциясын және сапардың анамнезін көрсететін клиникалық симптомдардың болуы туралы сұрау) | Медициналық маска Пациентпен тікелей байланыс кезінде мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Пациентпен тікелей байланыс кезінде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Техникалық персонал (жинау) | Температурасы бар жолаушылар скринингі үй-жайларын (санитариялық үй-жайларды) жинау | Медициналық маска Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Көзді қорғау (органикалық заттардан немесе химикаттардан шашыраудың пайда болу қаупі болғанда). Тығыз қолғап Қосымша: бәтеңке немесе жабық аяқ киім |
Уақытша оқшаулау үй-жайы | Персонал | Оқшаулау үй-жайы және қажет болған жағдайда жолаушыға медициналық ұйымға тасымалдау үшін көмек көрсету | Медициналық бас киім (қалауы бойынша) Медициналық маска Пациентпен тікелей байланыста болған кезде ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген халат Пациентпен тікелей байланыста болған кезде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған жұмыс аяқ киімі |
Техникалық персонал | Оқшаулауға арналған үй-жайларды жинау | ЖҚҚ: Медициналық маска Бір рет қолданылатын мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат көзді қорғау (органикалық заттардан немесе химикаттардан шашыраудың пайда болу қаупі болғанда). Тығыз қолғап Қосымша: бәтеңке немесе жабық аяқ киім |
Медициналық ұйымдардағы жедел жәрдем машинасы немесе көлік құралы | Медицина қызметкерлері | COVID-19-ға күдікті пациенттерді тасымалдау | Қалауы бойынша медициналық бас киім Респиратор N95 немесе FFP3 Мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Медицина қызметкерлері | Респираторлық инфекция белгілері жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ пациенттерді тасымалдау | ЖҚҚ: Қалауы бойынша медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты нитрил/латекс қолғаптар Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Жүргізуші | Жүргізуші кабинасын COVID-19 пациенттен оқшаулау жағдайында CОVID-19 инфекциясына күдікті пациентті тасымалдауды жүзеге асыруға ғана қатысатын | Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска |
COVID-19 инфекциясына күдікті науқасты отырғызу және түсіруге көмек көрсету | Медициналық маска Мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
COVID-19 күдікті пациентпен тікелей байланыс болмаған жағдайда, бірақ жүргізуші кабинасын пациент үй-жайынан оқшаулау жоқ. | ЖҚҚ: N95 немесе FFP3 респираторы |
COVID-19 инфекциясына күдікті науқас | Медициналық ұйымдарға тасымалдау | ЖҚҚ: егер пациент оны пайдалана алса, медициналық маска беру |
Техникалық персонал | СОVID-19-ға күдікті пациенттерді тасымалдаудан кейін және тасымалдау арасында жинау | N95 немесе FFP3 респираторы Жұмыс киімі (медициналық костюм) Мата емес материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Тығыз резеңке (шаруашылыққа арналған) қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі |
Карантиндік стационардың үй-жайы | Қызметкерлер, пациенттер | Кез келген | Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
COVID-19 ошақтарын эпидемиологиялық тергеп-тексеру |
Үй ошағы, ұйымдасқан ұжымдағы ошақ | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары | Эпидемиологиялық тергеп-тексеру (науқас пен байланыста болғандарға сауал жүргізу, оқшаулау мүмкіндігін бағалау, байланыста болғандар шеңберін айқындау, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және т. б.) | ЖҚҚ: медициналық маска, қолға арналған нитрил/латекс қолғаптар мен антисептиктер. Кемінде 1,5 м әлеуметтік қашықтықты сақтау Медициналық ұйымға және зертханаға барған кезде ЖҚҚ баратын ұйымның тәртібі бойынша қолданылады |
| | | | |