Жеке қорғаныш құралдарын кию және шешу тәртібі
І. ЖҚҚ-ға қойылатын жалпы талаптар ЖҚҚ пайдалану орнына жақын таза аймақта орналасуы тиіс, ластануды болдырмау үшін таза, құрғақ жерде қауіпсіз сақталады. Үй ошағына барған кезде ЖҚҚ қолданар алдында оны таза контейнерде тасымалдау керек. Үй ошағында пайдаланғаннан кейін шығатын жерде шешіледі және В сыныбындағы қалдықтарға арналған сары пакетке салынады. Егер өндіруші көрсетпесе немесе көп рет пайдалану үшін келісілмесе, ЖҚҚ-ы бір рет пайдаланылады. ЖҚҚ әр пациенттен кейін және/немесе процедура немесе медициналық манипуляция аяқталғаннан кейін бірден өзгереді. Зақымдалған немесе ластанған кезде ЖҚҚ-ны дереу ауыстыру керек. Егер қорғаныш көзілдірігі/қорғаныш қалқандары/комбинезон сияқты көп рет пайдалануға болатын ЖҚҚ пайдаланылса, ЖҚҚ өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес әр пайдаланылғаннан кейін зарарсыздандырылуы қажет. ЖҚҚ персоналдың киім мөлшеріне сәйкес таңдалуы тиіс. ЖҚҚ медициналық жұмыс костюмінің үстіне киіледі. ЖҚҚ таза аймақта киіледі. Лас аймақта медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді. ЖҚҚ кию және шешу аймағында қолды өңдеуге арналған антисептиктер болуы тиіс. Таза аймақта адамның бойымен бірдей айна болуы керек. Лас аймақта В сыныбының медициналық қалдықтарын жинауға арналған таңбаланған контейнер (пайдаланылған ЖҚҚ-ны жинауға арналған), қол жууға арналған раковина және қолды өңдеуге арналған антисептиктер болады. ЖҚҚ-ны кию ЖҚҚ пайдалануды бақылау жөніндегі жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі. Медицина қызметкері науқастың палатасына кіргеннен кейін жауапты адам таза аймақта күту керек. Егер жауапты адам болмаған жағдайда қызметкер көзбен шолып бақылауды жүзеге асыра отырып, айна алдында киінеді. ЖҚҚ пайдалануды бақылау жөніндегі жауапты адам – бұл ЖҚҚ-ны кию/шешу техникасына және биологиялық қауіпсіздік шараларына оқытылған медицина қызметкері. Ол ЖҚҚ-ны кию және шешу кезінде көзбен шолып бақылауды жүзеге асырады.
1. №1 қорғаыш деңгейі. ЖҚҚ-ны кию ЖҚҚ-ны кию алдында қолды сабынмен жуып, спирттің негізіндегі антисептикпен өңдеу қажет. 1) Бас киімнің астына шашты салып, оны киіңіз. 2) Арқасында байламдары бар тоқылмаған материалдан бір рет қолданылатын халатты киіңіз. Халат денені мойыннан тізеге дейін, қолдарын білек ұшына дейін толық жабады және арқасында байланады. Мойны мен белінде түймеленеді немесе байланады. 3) Жауапты адам халаттың арқа мен белді толық жабуын бақылайды. 4) Егер сіз оптикалық көзілдірік киген болсаңыз, оны респиратор кигенше шешіңіз. Көзілдірік линзаларын спиртті салфеткамен сүртіңіз. Респираторды киіңіз және оның бетке тығыз жанасуына көз жеткізіңіз. Респиратор пайдаланылатын бет қалқаншасына сәйкес келуі тиіс. Респиратордың жанасуын қамтамасыз ету үшін екі саусақпен мұрын клипсін қысыңыз. Респиратордың жанасуын тексеру үшін бірнеше дем шығарыңыз. Көзілдіріктің имек тұтқасын респиратордың байланымының артына салып, оптикалық көзілдірікті киіңіз. Жауапты адам респиратор байламдарының желкеде орналасуының дұрыстығын тексереді. 5) Қолайлы өлшемдегі стерильді емес нитрил/латекс қолғаптарын киіңіз. Қолғап жеңдердің манжеттерін жабатынына көз жеткізіңіз. Палатаға кіреберісте жауапты адам соңғы тексеруді жүргізеді. · Қолыңызды беттен алыс ұстаңыз · Өзіңіз ұстайтын беттердің санын шектеңіз · Егер олар бүлінген немесе қатты ластанған болса, қолғапты ауыстырыңыз · Қол гигиенасы қағидаларын сақтаңыз. ЖҚҚ-ның бүтіндігі бұзылған жағдайда, ол құсық массаларымен немесе науқастың басқа бөлінділерімен ластанған жағдайда палатадан кетіңіз.
ЖҚҚ-ны шешу Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешуге арналған аймаққа шығады. 1) Ластанған беттерді ұстамай қолғапты шешеді, қолғапты медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салады. · Қолғаптың сыртқы жағы ластанған! · Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз. · Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз. · Қолғапсыз қолыңыздың саусақтарымен екінші қолыңыздың білек тұсынан ұстап, екінші қолғапты бірінші қолғаптың үстінен тартыңыз. 2) Қолды спирттің негізіндегі антисептикпен өңдеңіз. 3) Халаттың байлауын үзіп, халатты ластанған жағымен ішке қарай бұрап шешіңіз. · Халаттың алдыңғы бөлігі мен жеңдері ластанған! · Егер сіздің қолыңыз халатты шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Байлауды шешу кезінде жеңдердің денеңізге тимеуін қадағалай отырып, халат байламдарын шешіңіз. · Халаттың тек қана ішкі жағын ұстап, халатты мойын мен иықтан сыртқа тартыңыз. · Халаттың сыртын айналдырыңыз. · Халатты жинаңыз немесе түйіндеп байлаңыз және медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз. 4) Қолыңызды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз. 5) Медициналық масканы немесе респираторды шешіңіз. · Медициналық масканың/респиратордың алдыңғы бөлігі ластанған — ҰСТАМАҢЫЗ! · Егер сіздің қолыңыз медициналық масканы/респираторды шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Медициналық масканың/респиратордың төменгі байламдарын немесе иілгіш ленталарын, содан кейін жоғарғы байламдарын ұстап, алдыңғы жағына тимей шешіңіз. · Медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз. 6) Қолыңызды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз. 7) Бас киімді шешіп, медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз. 8) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолыңызды жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.
2. №2 қорғаныш деңгейі. ЖҚҚ-ны кию 1) Қолды сабынмен жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 2) Бас киімнің астына шашты салып, оны киіңіз. 3) Респираторды киіңіз (N95 немесе FFP2). Екі саусақпен мұрынға респиратор клипсін басыңыз. Бірнеше дем шығарып, респиратордың тығыз орналасқанына көз жеткізіңіз. Егер сіз оптикалық көзілдірікті киген болсаңыз, оларды респиратор кигенше шешіңіз, көзілдірік линзаларын спирттік салфеткамен сүртіңіз. 4) Қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқаншасын киіңіз, оларды реттеңіз. Егер бет қалқаншасы болмаса, қорғаныш көзілдірігін оптикалық көзілдіріктің үстінен киеді. 5) Арқасында байламы бар мата емес материалдан тігілген халатты пайдаланған кезде. Халат денені мойыннан тізеге дейін, қолды білектің ұшына дейін толығымен жабады және артқы жағына байланады. Мойын мен белге бекітіледі немесе байланады. 6) Комбинезонды пайдаланған кезде. Тоқылмаған материалдан жасалған капюшоны бар қорғаныш комбинезонын ашыңыз. Комбинезон сырғытпасын ашып, оны жоғарыға қарай жылжытыңыз. Комбинезонның оң және сол жақтарын тізбектеп киіңіз. Комбинезонның жоғарғы жағын түзеп, жеңін киіңіз. Комбинезонның сырғытпасын иекке дейін сырғытыңыз. Капюшонды киіңіз. Комбинезон сырғытпасын соңына дейін жабыңыз. Комбинезон клапандарының жабысқақ лентасынан қорғаныш пленкасын алып, оларды оған жапсырыңыз, сырғытпасы мен жағасын жабыңыз. 7) Қолайлы мөлшердегі стерильді емес нитрил/латекс қолғаптарын киіңіз. Қолғап жеңдердің манжеттерін жабатындығына көз жеткізіңіз. 8) Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.
ЖҚҚ-ны шешу Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешу үшін лас аймаққа шығады. 1) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру арқылы өңдеңіз. 2) Ластанған бетке тимей, қолғапты шешіңіз, оларды қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. · Қолғаптың сыртқы жағы ластанған! · Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз. · Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз. · Үстіңгі қолғапсыз қолыңыздың саусақтарымен екінші қолыңыздың білек тұсынан ұстап, екінші қолғапты бірінші қолғаптың үстінен тартыңыз. 3) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз. 4) Комбинезон клапандарының жабысқақ лентасын алып, сырғытпасын шешіңіз. Комбинезонның капюшонын шешіңіз. Комбинезон жеңдерін лас жағымен ішіне қарай айналдырып, комбинезонның жеңдерін шешіңіз. Комбинезонның лас жағын ішіне айналдырып, оны толық шешіңіз және оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. Егер су өткізбейтін бахилаларды пайдалансаңыз, оларды киіммен бірге шешіңіз. 5) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру арқылы өңдеңіз. 6) Егер Сіз тоқылмаған материалдан жасалған, арқасында байламы бар халатты пайдаланған болсаңыз, шешу тәртібі № 1 қорғаныш деңгейінде көрсетілген. 7) Қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын шешіңіз. · Көзілдіріктің сыртқы жағы немесе қалқан ластанған! · Егер қолыңыз көзілдірікті немесе қалқаншаны шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Бастағы бауларын немесе көзілдірік тұтқасын көтеріп, көзілдірікті немесе қалқаншаны артқы жағынан бастап шешіңіз. · Егер қорғаныш көзілдірігі немесе қорғаныш қалқаншасын қайта пайдалануға болатын болса, оны өңдеуге арналған арнайы контейнерге салыңыз. Егер олай болмаса, медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз. 8) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз. 9) Респираторды шешіп, оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. · Респиратордың алдыңғы бөлігі ластанған — ҰСТАМАҢЫЗ! · Егер қолдарыңыз респираторды шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Медициналық масканың/респиратордың төменгі жақтағы байламдарын немесе иілгіш ленталарын, содан кейін жоғарғы байламдарын ұстап, алдыңғы жағына тимей алып шешіңіз. 10) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз. 11) Медициналық бас киімді шешіп, оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. 12) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолды жуып, қолды спирт негізіндегі антисептикпен өңдейді. Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды. Қолыңызды жуыңыз, душ қабылдаңыз, таза киім киіңіз және таза аймаққа шығыңыз.
3. №3 қорғаныш деңгейі. Ауаны мәжбүрлеп беретін респираторды пайдалану арнайы даярлықтан өтуді талап етеді. Әр түрлі өндірушілердің респираторлары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін, ұйымыңызда қабылданған стандартты операциялық рәсімдерді орындаңыз.
ЖҚҚ-ны кию 1) PAPR батареясының толық зарядталғанына көз жеткізіңіз. 2) қолды сабынмен жуып, оны спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 3) мата емес материалдардан тігілген капюшонсыз комбинезонды ашыңыз. 4) комбинезон шалбарынан алмай, етікті киіңіз, содан кейін жоғары тартып комбинезонды киіңіз. 5) қолдың үлкен саусағын комбинезон жеңдерінің манжеті жанындағы саңылауға кигізіңіз. Комбинезон сырғытпасын салыңыз. 6) нитрил/латекс қолғапты комбинезон манжеттерін жабатындай етіп киіңіз. 7) ауа үрлеуіш қозғалтқышы бар белдікті киіңіз. 8) қажет болған жағдайда алжапқыш киіңіз. 9) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес батареяны тиісті ұяшыққа салыңыз (егер қолданылса). 10) жауапты адам ауа беру түтігін ауа үрлегішпен қосады. Респиратор шлемін (немесе капюшонды) ауа беру түтігімен жалғаңыз. Ауа ағыны индикаторының жұмысын тексеріңіз. 11) PAPR шлемін (немесе капюшон) киіңіз. Жауапты адам оны ауа беру түтігімен жалғайды.
ЖҚҚ-ны шешу
Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешу үшін лас аймаққа шығады. 1) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 2) Дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған кілемшеге тұрыңыз. 3) Ластанған бетке тимей, қолғапты шешіңіз, оларды қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. · Қолғаптың сыртқы жағы ластанған! · Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз. · Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз. 4) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз. 5) Комбинезон сырғытпасын шешіңіз. Комбинезонның лас жағын ішіне айналдырып шешіңіз. Оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. 6) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 7) PAPR шлемін (капюшон) ауа беру түтігімен қосылған жерден ұстап тұрып шешіңіз. Шлемді (капюшонды) қолыңызда ұстап тұрып, ауа беретін түтіктен ажыратыңыз. Дезинфекция аймағына өтіңіз 8) Ауа үрлеуіші мен ауа беру түтігімен қосылған белдікті шешіңіз. 9) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. Қолғаптың таза жұбын киіңіз. 10) Қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес PAPR компоненттерін дезинфекциялаңыз. 11) Спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 12) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолды жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдейді. Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды. Қолыңызды жуыңыз, душ қабылдаңыз, таза киім киіңіз және таза аймаққа шығыңыз.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 4-қосымша
Жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмі
І. Қорғаныш маскаларын кию 1. Халық үшін медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кию міндетті: - 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте; - COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдар; - коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (безгегі, жөтел, түшкіру) бар адамдар. 2. Медициналық және матадан тігілген маскаларды (бұдан әрі – маскалар) қалай қолдануға болады 1) бір рет қолданылатын маскалар бір рет пайдаланылады; 2) Масканы аузын, мұрнын және иегін жабатындай етіп кию керек. Бұл жағдайда ол тығыз бекітілуі керек. Егер маскада бауы болса, оларды мықтап байлау керек. 3) Маскада арнайы қатпарлар болған кезде оларды ашу керек, ал мұрын аймағында тігілген икемді пластина болған жағдайда, оны бетке неғұрлым толық жанасуды қамтамасыз ету үшін мұрынға мықтап бүгу керек. 4) Масканы қолданған кезде сүзгілеу бетіне қолды тигізбеу керек. 5) Медициналық ұйымдарда және үй карантиніндегі адамдар масканы кемінде 2 сағатта 1 рет ауыстыру керек. 6) Егер маска дымқыл немесе ластанған болса, жаңа таза және құрғақ маска киіңіз. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдаланбаңыз. 7) Пайдалану кезінде медициналық масканы ұстамаңыз. Медициналық масканың сүзгіш жағынан ұстамай, резеңкесінен (жібінен) шешу керек. Медициналық масканы шешкеннен кейін бетіңізді ұстамаңыз және қолды бірден жуыңыз. Бұл сіз масканың бетін кездейсоқ ұстаған болсаңыз, вируспен байланысты болдырмауға көмектеседі. 8) Инфекцияның матадан тігілген маскалар арқылы таралуын болдырмау үшін оларды жиі жуып, ұқыпты ұстау керек. Матаның тозуының айқын белгілері болған кезде оны ауыстыру керек.
ІІ. Бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдарын қалай кәдеге жарату керек 1. Жағдайға, персоналға және қызмет түріне байланысты COVID-19 инфекциясы кезінде ЖҚҚ-ны таңдау, COVID-19 кезінде ЖҚҚ пайдалану алгоритмі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. 2. COVID-19 аурулары бар карантиндік орталықтарда, инфекциялық стационарларда, COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар және COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар пайдаланған ЖҚҚ «В» сыныбының қалдықтары (төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде зарарсыздандырылуға және жойылуға жатады. 3. Карантиндік орталықтарды, инфекциялық стационарларды қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылған ЖҚҚ-ны «Б» сыныбының қалдықтары (эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде тастауға жатады. Барлық медициналық ұйымдарда COVID-19-ға күдікті немесе расталған пациент анықталған кезде пайдаланылған ЖҚҚ «В» сыныбының қалдықтары (төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде зарарсыздандыруға және жоюға жатады. Осы мақсатта барлық бөлімшелерде «Б» сыныбының, сондай-ақ «В» сыныбының пакеттері мен ҚЖКЖҚ жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. 4. Пайдаланылған ЖҚҚ салынған пакеттер «Б» сыныбының қалдықтары (эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде мамандандырылған кәсіпорындармен шығарылады және кәдеге жаратылады. 5. Қызметкерлері санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды (көшелерді патрульдеу, үй-жайларды және қоғамдық орындарды дезинфекциялау бойынша) жүргізуге тартылған ұйымдар мен объектілерде, оның ішінде полиция қызметкерлері, еріктілер пайдаланған ЖҚҚ жинауға арналған пакеттерді уақытша сақтау үшін арнайы орын бөлінуі тиіс. 6. Тартылатын персоналмен ЖҚҚ-ны қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқау, пайдаланылған ЖҚҚ-ны жинауға арналған пакеттерді уақытша сақтау орнымен танысу жүргізіледі. 7. Үй жағдайында пайдаланылған медициналық маскаларды (соның ішінде түшкіргенде және жөтелгенде пайдаланылған сулықтарды) жеке пакетке жинап, оны тығыз және герметикалық жабу керек және содан кейін ғана қоқыс шелегіне лақтыру керек. Халық пайдаланатын медициналық маскалар «А» сыныбының медициналық қалдықтарына (қауіпті емес медициналық қалдықтар, ҚТҚ сияқты) жатады және полигондарға шығарылады. 8. «Б» және «В» сыныптарының қауіпті медициналық қалдықтарын тасымалдауды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 5-қосымша
І. Тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату (сақтау) объектілеріне, сауда-ойын сауық кешендерге (орталықтар, моллдар) қойылатын талаптар
1. 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сауда объектісінің аумағына маскасыз кіруге және болуға жол берілмейді. 2. Жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді тұрақты желдетуді жүзеге асыру қажет. 3. Объекті әкімшілігі мен жауапты адамдар келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киюін қадағалайды. 4. Сауда объектісінің меншік иесі: 1) кіреберісте, сауда залдарының холлдарында, дәліздерде, санитариялық тораптарға кіреберісте, сондай-ақ әрбір бутикте тері антисептигі бар санитайзерлер орнатуды; 2) жұмыскерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізуді; 3) жеке гигиена құралдарымен санитариялық тораптарды (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы); 4) халыққа антисептиктермен қолды өңдеу арқылы маска киіп қызметті көрсетуді; 5) әрбір 2 сағат сайын желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, сауда объектілерінің ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін; 6) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуді; 7) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды дезинфекциялай отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындарды, тамақ ішетін, демалатын бөлмелерді, санитариялық тораптарды) міндетті түрде дезинфекциялай отырып ылғалды жинауды жүргізуді; 8) дезинфекциялау және жуу құралдарының қорын; 9) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді; 10) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған, балалардың қолы жетпейтін жерде тығыз жабылған күйінде сақтауды қамтамасыз етеді. 5. Фуд-корттардың жұмыс істеуі осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес қоғамдық орындар объектілеріне қойылатын санитариялық талаптарды сақтаған жағдайда қамтамасыз етіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 6-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптар
1. Объектілердің қызметіне мынадай шарттар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі: 1) міндетті түрде маскалар болған кезде персонал мен келушілерді объектіге кіргізу; 2) жауапты адам келушілердің, қызметкерлердің маска киюін міндетті түрде қадағалайды; 3) объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, персоналдың қолғапсыз, маскасыз жұмыс істеуіне жол берілмейді; 4) жұмыс (ойын) орындарын, компьютерлік периферияны (тінтуір, пернетақта, кілемше, құлаққап), жанасатын беттерді, жиһаздарды құрамында спирті бар тазалағыш құралдармен әрбір келушіден кейін жинау және дезинфекциялау; 5) келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, әрбір пайдаланғаннан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту; 6) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі. 2. Объектінің меншік иесі: 1) кіреберісте, ресепшенде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды; 2) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, олардың мүлтіксіз сақталуы туралы нұсқама өткізу; 3) ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық құралмен суланған дезинфекциялық кілемше орнатылады; 4) халыққа қызмет көрсету маскада жүргізу; 5) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды контейнерлерге (полиэтилен қаптар) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды; 6) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін; 7) пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер)арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды; 8) тұрақты түрде жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдетуді; 9) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуын; 10) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді; 11) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қатамасыз етуі қажет. 3. Бильярд залдары мен боулингтер үшін мынадай қосымша талаптарды сақтау қажет: 1) ойын мүкәммалы (кии, бильярдқа арналған шарлар, боулингке арналған шарлар және т.б.) әрбір ойын аяқталғаннан кейін құрамында спирт бар дезинфекциялау құралымен өңделеді. 2) фуд-корт (тамақтану аймағы) ойын жолдары мен бильярд үстелдерінен бөлек орналасады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 7-қосымша
Қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар) қызметіне қойылатын талаптар
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |