1. Қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі: 1) жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маска), дезинфекциялық және жуу заттардың,қолды өндеу үшін антисептиктердің қорының болуы; 2) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің профилактикалық тексеру, жөндеу жүргізе отырып, үздіксіз жұмыс істеуі, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау, желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау; 3) персонал арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі, кварц шамдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу, олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау; 4) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефон және басқа да заттарды өңдеуге арналған персонал мен клиенттер үшін сулықтар қорының болуы; 5) жұмыс күні ішінде, медициналық маскаларды (әрбір 2 сағат сайын ауыстыру шартымен) пайдалану; 6) тұрақты түрде жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдетуді; 7) тек маска киген келушілерді кіргізу; 8) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша); 9) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) қамтамасыз ету. 2 Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жұмыскерлердің үстелдерін, орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жалпы пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып жүргізіледі. 3. Жұмыс орнында дайындалатын дезинфекциялау ерітінділері құралдың атауы, ерітіндінің шоғырлануы және оның дайындалған күні көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақталады. 4. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау ерітінділері дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес берілген шоғырлануға сәйкес дайындалады. 5. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды. 6. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарға ғана жол беріледі. 7. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақталады. 8. Пайдаланылған медициналық маскалар бір рет қолданылатын жинау шүберектерін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастайды.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 8-қосымша
Халық үшін фитнес қызметін көрсету бойынша объектілердің, спорт кешендерінің қызметіне қойылатын талаптар
1. Объектінің қызметіне мына жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі: 1) жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері болмаған кезде объектіге кіру қамтамасыз етіледі; 2) 5 жасқа дейінгі балалардан басқасына объектінің аумағына маскасыз кіруге тыйым салынады; 3) спорттық жаттығуларды өткізу кезеңін қоспағанда, келушілердің киім ауыстыратын орынға дейін міндетті түрде маска киюі; 4) тренажерларды, мүкәммалды және беткейлерді өңдеу және дезинфекциялау; 5) сондай-ақ желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 6) кіреберісте, ресепшенде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату; 7) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, олардың мүлтіксіз сақталуы туралы нұсқама жүргізу; 8) халыққа маска киіп қызмет көрсету; 9) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды контейнерлерге (полиэтилен қаптар) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату; 10) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі; 11) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдету; 12) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды әрбір 3 сағат сайын вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау жүргізу; 13) үй-жайларды жинау, ЖҚҚ, дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын қорының болуы; 14) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберу; 15) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтау. 2. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады: 1) кейіннен жинау, зарарсыздандыру және жою арқылы бір рет қолданылатын ыдыс пайдаланылады; 2) бөтелкедегі суды қоспағанда, спорт объектілеріне келушілерге дайын тағамдар мен сусындарды өткізуге жол берілмейді (толық күн болатын немесе тұрақты болатын спортшыларға арналған жаттығу базаларынан басқа); 3) жалпы тамақтану орындары үшін жалпы қабылданған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. 4) жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді, тамақ арнайы бөлінген тамақ ішетін бөлмеде қабылданады. Тамақ ішетін бөлме болмаған кезде дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттарға арналған үй-жайлар бөлінеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 9-қосымша
Мәдениет объектілеріне қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қосымшада іс-шаралардың мынадай сыныптамасы пайдаланылады: 1) мәдени-ойын-сауық және бизнес іс-шаралар - спектакльдер, концерттер, киносеанстар, театр, концерт, цирк қойылымдары, жарық проекциялық шоулар, конкурстар, фестивальдар, музейлерге, музей-қорықтарға, кітапханаларға және клуб мекемелеріне бару, шерулер, форумдар, конференциялар, көрмелер, клиенттік және корпоративтік іс-шаралар, тұсаукесерлер, тимбилдингтер; 2) жабық үй-жайлардағы іс-шаралар; 3) ашық аспан астындағы іс-шаралар (open air). 2. Үй-жайларға, қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) көріңністерімен тийым салынады.
2 -тарау. Театрларға, концерттік ұйымдарға қойылатын талаптар
3. Объектінің аумағына маскасыз кіруге жол берілмейді. Келушілердің объект ғимаратында міндетті түрде маска киіп жүруі қамтамасыз етіледі. 4. Кіреберісте, холлдарда, фойеде, дәліздерде, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады. 5. Объектінің әкімшілігі: 1) қызметкерлер мен әртістер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді; 2) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 3) халыққа маскамен қызмет көрсетуді; 4) желдету режимін сақтап, профилактикалық тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын; 5) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін; 6) әр 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді желдетуді; 7) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, құралдарды, үстелдерді, орындықтарды, музыкалық аспаптарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялап, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды; 8) үй - жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының (бұдан әрі - ЖҚҚ) және қолғаптардың азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын; 9) дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді; 10) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған түрінде сақтауды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде кинотеатрлардың қызметіне қойылатын талаптар
6. Объектіге маскасыз кіруге жол берілмейді, келушілердің объект ғимаратында міндетті түрде маска киюі, 5 жасқа балаларды қоспағанда қамтамасыз етіледі; 7. Персонал жұмысқа тек маскамен жіберіледі. 8. Үй-жайды желдету, қызметкерлер мен қонақтардың орындарын дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып,тұрақты ылғалды жинау және дезинфекциялау. 9. Желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету: 1) желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, объектілердің ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізу; 2) көрермендер залына арналған ішке сору-сыртқа тарату желдеткішінің бөлек жүйелері; 3) сыртқа тарату шахталары арқылы залдарға сыртқы ауаның ұйымдастырылмаған түсуін болдырмау; 4) сору камералары мен желдету жүйесі қондырғыларына дезинфекция жүргізу; 5) желдеткіш жүйесі жабдықтарының қызметтік үй-жайларына бөгде адамдардың кіруін шектеу. 10. Залдарға дезинфекция жүргізуге (таяныштарды, есік тұтқаларын, кресло шынтақ сүйеніштерін сүрту) 15 минут желдетуді қоса алғанда сеанстар арасында кемінде 30 минут үзілісті сақтау. 11. Мүмкіндігінше өнімді байланыссыз тәсілдермен сатуды жүзеге асыру ұсынылады. 12. Жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салынады. Тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде - тамақтану бөлмесінде қабылдау керек. 13. Объектінің меншік иесі: 1) кассаларда, кіреберістерде, холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте, сондай-ақ әрбір залға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды; 2) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етуді (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы); 3) халыққа маскамен қызмет көрсетуді; 4) одан әрі кәдеге жарату үшін контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинауды; 5) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуін; 6) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтауды; 7) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орын, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды; 8) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-сының азаймайтын (кемінде бір апталық) қорын; 9) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді; 10) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етеді.
4 -тарау. Жабық орындарда мәдени-ойын-сауық және бизнес іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
14. Объектінің әкімшілігі: 1) персоналдың және келушілердің маскамен болуын; 2) көрермендерге үнемі маска кию қажеттілігі туралы ескертуді; 3) сеанстар арасындағы залдарға дезинфекция жүргізуге 30 минуттан кем емес үзіліс (таяныштарды, есік тұтқаларын, кресло шынтақшаларын сүрту), кейіннен 15 минутқа желдетуді; 4) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 5) кондиционерлерді тазалауды; 6) холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберістерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды қамтамасыз етеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 10-қосымша
Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер, хостелдер) қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі: 1) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасауын (карталар, телефондағы қосымша); 2) респираторлық инфекцияның кез келген белгілерімен (дене температурасының көтерілуі, жөтел) персоналды жұмысқа жіберуді болдырмауды; 3) 5 жасқа балаларды қоспағанда объектіге маскасыз кіруге жол бермеуді; 4) Персонал жұмысқа тек маскамен жіберіледі. 5) ЖҚҚ дезинфекциялық заттардың қорының болуын; 6) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнатуды; 7) COVID-19 кезінде персоналды жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыруды; 8) пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинау пакеттерге арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылуады қамтамасыз етеді. 2. Объектіде күніне 2 реттен кем емес желдету режимі қамтамасыз етіледі. 3. Нөмір қоры қызметінің бастығы қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. 4. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады. 5. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялық іс-шараларды жеке қорғаныш құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді. 6. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберіледі. 7. Дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген жерде тығыз жабылған күйде сақтау қамтамасыз етеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 11-қосымша
Әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптар
1. Эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында ғимараттарда: 1) ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоспарлы профилактикалық жұмыс кестелеріне сәйкес желдету және ауаны баптау жүйелерін тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және басқа да жұмыстар жүргізу; 2) барлық үй-жайларды жиі желдету; 3) қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша, жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқау жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау; 4) жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды, жолаушылардың қолдары жанасатын өзге де жерлерді дезинфекциялайтын сулықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жүргізіледі. 2. Объектілерде көрінетін және қолжетімді орындарда (күту залдары, ана мен бала бөлмелері), кіреберісте немесе санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады. 3. Әуежайларда, вокзалдарда мынадай талаптарды: 1) тұрақты медперсоналдың болуы; 2) дезинфекциялық режимнің сақталуын; 3) қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательмен, медициналық маскалармен және т. б.) қамтамасыз етуді; 4) медициналық пункт қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді; 5) әуежай, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пункттің изоляторында орналастыруды қамтамасыз ете отырып, изоляторы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің жұмысы ұйымдастырылады. 4. Әуежайлар мен вокзалдар әкімшілігі: 1) персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар); 2) әуежай, вокзал ғимараттарында ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізу және желдету сүзгілерін ауыстыруды; 3) арнайы көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, жолаушыларды отырғызу орындарының санынан аспайтын мөлшерде көлік құралына жіберуді; 4) ауысым (рейс, бағыт) аяқталғаннан кейін қоғамдық көлікке дезинфекция жүргізуді; 5) жеке қорғаныш құралдарының, қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуын; 6) көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды жинау, бағдар аяқталғаннан кейін тұру кезінде жолаушылардың қолымен жанасуды жоққа шығармайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, отырғыштарды және өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді; 8) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскалар), қолға арналған антисептиктерді, дезинфекциялау құралдарын пайдалануын қамтамасыз етеді. 5. Әуежайлар мен вокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттер ғимараттарының ішінде, көлік құралдарында жолаушылар жеке қорғаныш құралдарында (маскалар) болады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына 12-қосымша
Тұрақты жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багаж тасымалының автомобиль, теміржол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптар
1. Көлік құралында міндетті түрде маска кию қажет. Аялдама пункттерінде, автобустарда және электр жылжымалы құрамдарда (табло, инфолист) жолаушылардың автобусқа және электр жылжымалы құрамға (көлік құралына) міндетті түрде маскамен жіберілетіні туралы ақпараттандыру ұсынылады. 2. Жүргізушінің, кондуктордың және бақылаушының, еріктінің көлік құралында болуы және басқаруы жұмыс күні немесе рейстің ішінде маскаларды пайдалана отырып, оларды уақтылы ауыстыру шартымен қамтамасыз етіледі. 3. Көлік құралында жолаушылардың, жүргізушінің және кондуктордың қолдарын өңдеуге арналған санитайзерлердің жеткілікті саны орнатылады. 4. Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы көлік құралының салонында желдету/ауа баптау құрылғысы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 5. Бағдардың (рейстің) жүру мерзімі аяқталғаннан кейін тұратын уақытында салонды міндетті түрде желдете отырып, жанасатын беттерді терезелерді, тұтқаларды, есіктерді, таяныштарды, орындықтарды пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жүргізіледі (дезинфекциялау сулықтарымен сүртіледі). 6. Елді мекен ішінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік үшін тұрақ орындарында көлік құралының салонын (есік тұтқалары, креслолар, тұтқалар және т.б.) жинау және дезинфекциялау қамтамасыз етіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №12 қаулысына 13-қосымша
Банкет залдарына, түнгі клубтарға, караокеге қойылатын талаптар
1.Объектіде COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында: 1) халыққа антисептикпен қолды өңдеп жүргізу арқылы маска киіп қызмет көрсету; 2) кіреберісте, сауда залдарының холлдарында, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнату; 3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау қағидаларын сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау; 4) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолын өңдеу үшін дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу ағзаларына арналған ЖҚҚ-ның қорын қамтамасыз ету қажет. 2. Объектінің аумағына 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, маскасыз кіруге және онда болуға жол берілмейді; 3. Үй-жайларда ауаны залалсыздандыру: 1) температура мен ауа ылғалдылығының тиімді жағдайын қамтамасыз ету үшін желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерін (тазалау, жуу, дезинфекция, сүзгілерді ауыстыру және т.б) тексеру; 2) жұмыс оырндарын және келушілерге арналған бөлмелерді тұрақты желдету. 4. Үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар: 1) залдарда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жинау жүргізіледі. 2) жұмыс күні аяқталғаннан кейін үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есіктің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), түскі ас залына кіреберісте қол жууға арналған раковиналарды дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту арқылы ылғалды жинау жүргізіледі; 3) әрбір объектіде есептік қажеттілікке, шүберекке, жинау мүкәммалына қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры болады; 4) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуге жол беріледі; 5) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген жерде тығыз жабылған күйінде сақтайды. 5. Кабиналарға, жеке залдарға келушілердің әрбір брондауының арасында желдету, ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу үшін үзіліс сақталуы қажет. 6. Караоке-кабиналар үшін кейінгі жаңадан келген қонақтарды әрбір отырғызғаннан кейін микрофондарды құрамында спирті бар дезинфекциялау құралдарымен өңдеуді қамтамасыз ету қажет. 7. Тамақтану және ән айту кезінде масканы шешуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №12 қаулысына 14-қосымша
СПА және массаж салондарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің қызметіне қойылатын талаптар
1. Қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі: 1) объектінің аумағына 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, маскасыз кіруге жол берілмейді; 2) кіреберісте дозаторлары бар тері антисептиктерімен персонал мен келушілердің қолын өңдеуге арналған құралдарды орнату; 3) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды күніне кемінде 2 рет және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (гардеробтар, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, әрбір клиенттен кейін демалыс аймағында ылғалды жинау жүргізуге; 4) дезинфекциялау ерітінділерін оның дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес берілген концентрацияға сәйкес құралдың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оны дайындау күні көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақтау; 5) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізуі; 6) желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, үздіксіз жұмыс істеуі), желдету режимін сақтау; 7) тамақты, қол жуу үшін қолжуғыш және дозатормен терілік агнтисептик бар арнайы бөлінген бөлмеде қабылдау; 8) қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша, жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқау жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау; 9) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) қамтамасыз ету);
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |