Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы (2014.07.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 219 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.06.03. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.10. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.10. № 1058 Қаулысымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен бөлшек баға екі жүз теңге мөлшерінде белгіленсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|