Бағалау көрсеткішін айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Бағалау көрсеткішін айқындау қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi бағалау көрсеткiштерiн анықтаудың ережелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 333 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы № 308 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2497 тіркелген, 2003 жылғы 3 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 258-259 (23558) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Заң департаменті (Сәрсенова Н.В.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|