«Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін. 2. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 81 «Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: 2, 3 және 6-тармақтар алынып тасталсын. 3. «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы «18» шілдедегі № 130 қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағында кәсіпкерлікті дамыту және негізгі бағыттарды қолдау, сауда, өнеркәсіп, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестицияларды тарту және әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасы мониторингін жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|