Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26, 27, 65-баптарына және Атырау облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 23 ақпандағы № 123-VIІ «Атырау облысының басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы): 1) «Атырау облысы индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Индустриалдық - инновациялық даму басқармасы); 2) «Атырау облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік және туризм басқармасы) болып қайта құрылсын. 2. Мыналар: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы туралы ереже; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Кәсіпкерлік және туризм басқармасы туралы ереже бекітілсін. 3. Келесі құрылымдар бекітілсін: 1) Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы: басшы; басшының орынбасары; қаржы жөніндегі бас маман; өнеркәсіпті дамыту бөлімі; индустриалдық-инновациялық даму бөлімі; жергілікті қамтуды дамыту бөлімі; цифрландыру бөлімі; сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі; 2) Кәсіпкерлік және туризм басқармасы: басшы; басшының орынбасары; қаржы жөніндегі бас маман; кәсіпкерлікті қолдау бөлімі; туризмді дамыту бөлімі; сауданы дамыту бөлімі; азық-түлік бағасының мониторингі бөлімі. 4. Мыналар: 1) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Кәсіпкерлік және туризм басқармасы арасындағы бөлу балансы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|