|
|
|
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 3 Қаулысы
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жыл 22 ақпандағы № 5 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және туындау және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысына сәйкес Қаулы етемін: 1. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-абзацтағы «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы» деген сөздерді «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 Қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-абзац мынадай сөздермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысы»; 3) 4-тармақтың 9-абзацы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: «- «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысымен»; 4) 4-тармақ 12-абзацпен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын: «- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысымен»; 5) 3-тармақтағы «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысына» деген сөздерді «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысына» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 4-тармақтың 4.1-тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын: 1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; 2) спа-орталықтары; 3) моншалар, сауналар, бассейндер; 4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 5) боулинг клубтары; 6) кинотеатрлар; 7) театрлар мен филармониялар; 8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары; 9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері; 10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; 11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар; 12) бильярд клубтары; 13) концерт залдары; 14) караоке; 15) көрмелер; 16) океанариум; 17) марафондар; 18) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; 19) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар; 20)балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; 21) цирктер; 22) отельдер, қонақ үйлер; 23) халыққа қызмет көрсету орталықтары; 24) теміржол вокзалдары және автовокзалдар; 25) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері^ 26) (сауда алаңы 6000 ш.м-ден астам азық-түлік, сауда алаңы 1000 ш.м-ден астам азық түлік емес) сауда желілері; 27) балаларды сауықтыру ұйымдары (жұмыскерлер (персонал) үшін); 28) букмекерлік конторалар; 29) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары; 30) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін); 31) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары; 32) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін); 33) діни объектілер; 34) ойын клубтары (казино); 35) түнгі клубтар; 36) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері. 2. Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасына: 2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін; 2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін. 3. Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |