«Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № 339 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 304 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тәуелсіз сараптамалық комиссияның және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссияның құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тәуелсіз сараптамалық комиссия және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссия туралы ереже бекітілсін.»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) үміткерлердің жеке істері Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссияның (бұдан әрі - Қорытынды комиссия) қарауына белгіленген мерзімде ұсынылсын.»; 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қорытынды комиссия: 1) құжаттар тапсырылған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс өткізсін;»; аталған бұйрықпен бекітілген Үміткерлерді іріктеу бойынша комиссияның құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № 339 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|