Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 304 бұйрығы (2022.24.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.11.08. № 339 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеуді жүргізудің рәсімдерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.18.03. № 209 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.11.08. № 339 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тәуелсіз сараптамалық комиссияның және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссияның құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тәуелсіз сараптамалық комиссия және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссия туралы ереже бекітілсін. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.11.08. № 339 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы: 1) Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) құжаттарын қабылдау жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. Құжаттарды қабылдау кезінде «Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығының талаптарын басшылыққа алсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 22 қаңтарда № 5499 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 10 ақпанда № 20 болып (1617) жарияланған); 2) үміткерлердің жеке істері Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссияның (бұдан әрі - Қорытынды комиссия) қарауына белгіленген мерзімде ұсынылсын. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.11.08. № 339 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қорытынды комиссия: 1) құжаттар тапсырылған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс өткізсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|