2023 жылға шетелде денсаулық сақтау қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру, оның ішінде биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өнім берушіні айқындау үшін жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 421 бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі регламентінің 90-тармағына, «Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 842 бұйрығына, «Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 260 бұйрығына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. 2023 жылға шетелде денсаулық сақтау қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру, оның ішінде биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өнім берушіні айқындау үшін жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) осы бұйрықтағы 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. 2. Осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес шетелде денсаулық сақтау қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша әлеуетті өнім берушілерді іріктеу өлшем шарттары бекітілсін. 3. Жұмыс тобы ұсынылған ұсыныстарға сәйкес 2023 жылғы 15 шілдедегі дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының білім және ғылым ұйымдары арасында білім беру қызметтерін өнім берушісін қарап айқындасын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|